Экономика • 08 Желтоқсан, 2023
Мақсатымыз – қолайлы орта қалыптастыру
Кеше Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баспасөз конференциясын өткізді. Ол шаһарды дамытудағы негізгі жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы баяндап, журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2023
Сыр бойындағы серпінді жобалар
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер байқалады. Жылды қорытып, он айдың есебін берген аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев даму бюджетінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артып, өсімнің 57 пайызға жеткенін айтты. Бірақ өңірдегі мұнай қорының сарқыла бастауы өнеркәсіпті дамытуға айрықша мән беретін кез жеткенін аңғартып тұр.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2023
Зеренді ауданының қырыққа жуық елді мекенінің желді, дауылды күндері жарықсыз ғана емес, ауыз сусыз қалуы да жиі болып тұрады. Электр қуатына жарымай отырған қыруар ауыл бұл бейнетті ондаған жыл бойы көріп келеді.
Кәсіпкер • 08 Желтоқсан, 2023
Жетісу кәсіпкерлерінің базынасы
Халықтың әлеуметтік деңгейін тек мемлекеттен берілетін жәрдемақы ғана көтермейді. Бұл ретте шағын және орта кәсіп иелерін де қолдау маңызды рөл атқарады. Осы орайда Жетісу облысының кәсіпкерлері бөлшек салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету туралы мәселені бірнеше рет көтерген еді. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдар өкілдерімен өткен жиындар өз нәтижесін берер емес.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Жылу тарифі: Монополистің дегені болмады
Екібастұздағы жылу-энергия орталығы басшылығының «түйе сұрасаң, бие береді» деген ниеті іске аспай қалды. Жуықта қызмет көрсетуші компания қолданыстағы тарифті бірден 149 пайызға көтермекке әрекеттеніп отырғаны туралы жазып едік.