Қоғам • 07 Желтоқсан, 2023
«Әже, Президентті көрдім». Тоқаевпен кездескен бала жылап қалды
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған болатын. Іс-сапар барысында Президент бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, Smart Bilim мектеп-гимназиясына да ат басын бұрған еді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2023
Халықаралық сарапшылардың оң бағасы
Астанада Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Сыртқы істер министрлігі «Саламатты планетадағы бейбітшілік, қадір-қасиет және теңдік. Сот төрелігінің рөлі және адам құқықтарын ілгерілету» атты брифинг өткізді. Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында ұйымдастырылған басқосу Конституциялық соттың бастамасымен қолға алынған.
Үкімет • 07 Желтоқсан, 2023
Қазақстан Үкіметі ірі мұнай-газ және мұнай-газ-химия жобаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Үкімет • 07 Желтоқсан, 2023
Іскерлік байланыстың заңнамалық негіздері
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында бірқатар заң жобасы ратификацияланды. Сондай-ақ депутаттар тиісті мемлекеттік мекемелер басшыларына сауалдарын жолдады.
Үкімет • 07 Желтоқсан, 2023
Креативті индустрияны дамыту басымдығы
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Басқосуға қатысушылар Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында белгілеп берген креативті индустрияны дамыту мәселелерін және осы бағыттағы басты міндеттерді іске асыруға арналған бірлескен жұмыс форматын талқылады. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.