Салық • 03 Желтоқсан, 2024
Салық та адалдықты талап етеді
Салық – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен қоғамдық игілігін ілгерілететін басты құрал. Азаматтардың адал төлемдері арқылы денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым сынды маңызды салалар қаржыландырылады. Алайда салық жүйесінің тиімділігі халықтың сенімі мен мемлекеттік басқарудың ашықтығына тікелей байланысты. Биыл елімізде 12,5 трлн теңгенің орнына 9 трлн теңге салық түскен. Яғни 10 айдың салық жоспары 27,6%-ға орындалмай тұр.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2024
Былтыр Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті республика жолдарында 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 1 984 адам қайтыс болғанын мәлімдеген еді. Ал биыл жыл басынан бері 22 мыңнан аса жол апаты болған.
Экология • 03 Желтоқсан, 2024
Орталық Азия Арал тағдырына алаңдаулы
Бүгінде Арал теңізінің ахуалы адамзатты алаңдатып отыр. Сондықтан Орталық Азия және Каспий маңы елдері Арал теңізін қорғау бағытында ортақ іске мүдделі. Осы мақсаттағы жұмыстарды ширатуға көңіл бөлген «Байтақ» жасылдар партиясы күллі түркіге қадірлі Түркістан шаһарында жасылдар партияларының «Aral-2024» І халықаралық саммитін өткізді.
Қаржы • 03 Желтоқсан, 2024
Өткен аптада Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. 2024 жылы біртіндеп төмендеп келе жатқан базалық мөлшерлемеге бірден 1% қосып, 15,25%-ға дейін өсіп кетті. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұндай шешім инфляция мен елдің экономикалық дамуына қатысты болжамдарды, нақты деректер мен тәуекелдерді ескере отырып қабылданғанын айтты.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2024
Ынтымақтастықты нығайтатын қадам
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәскеу қалалық думасының төрағасы Алексей Шапошниковпен жергілікті өкілді органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады.