Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2021
Президенттік кадрлық резерв кезекті рет жасақталды
Президент жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның шешіміне сәйкес Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған 50 адамның есімдері жарияланды.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2021
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Креативті индустрияны дамытудың келешегі» тақырыбында жастармен кездесу өткізді.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Жан басына қаржыландыру қалай жанданады?
Жақында ғана облыстық мәслихат депутаттары бекіткен Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған Аумақтық даму бағдарламасында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру индикаторы санатына жеткіншектердің сапалы білім алуы мен денсаулығын қалыпты ұстау көрсеткіштері де кірді. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы семіздікке шалдыққандар санын азайту, 14 пен 18 жас аралығындағы жеткіншектерді жаппай спорттық үйірмелерге тарту, мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуы мен спортпен айналысуына жағдай туғызу жолдары қамтылды.
Білім • 27 Желтоқсан, 2021
Үздік студенттер ақы төленетін іс-тәжірибеден өтті
Еліміздің жоғары оқу орындарының 150-ден аса студенті «ҚазТрансОйл» АҚ-на ақы төленетін өндірістік тәжірибеден өтті. Осылайша, жетекші жоғары оқу орындарының үздік студенттері іріктелді. «ҚазТрансОйл» АҚ Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен инженер-техникалық және мұнай-газ мамандықтары бойынша кадрларды даярлау жөніндегі жобаны 2019 жылы іске қосты, бірақ пандемия бастаманы іске асыруда кедергісін келтірді. Биыл компанияның кәсіпорындарында студенттік практика қайта жанданды.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2021
Сақтандыру секторын қандай өзгерістер күтіп тұр?
Сақтандыру компанияларына деген сұраныс артып келеді. Оған халықтың қаржылық сауаттылығының көтерілуі де себеп. Жақында қаржы секторы өкілдерімен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сектор алдында үлкен міндеттер тұрғанын, оны абыроймен атқару және халық сенімін аяқасты етпеу қажеттігіне арнайы тоқталған еді. Нарық активтері соңғы үш жылда 76 пайызға өсіп, 1,7 трлн теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 2,3 пайызын құраған. Жалпы, биыл сақтандыру компаниялары қанша табыс тапты? Тұтынушыларға қолайлы онлайн формат қалыптасты ма? Қандай сақтандыру өнімі қатты сұранысқа ие? Unit-linked инвестициялық құралы дегеніміз не? Оны қай компаниялар ұсынып жүр? Банк депозиті тиімді ме, әлде қаржыны сақтандыру компаниясына салып көбейткен жөн бе? Пандемия сектор жұмысына қалай әсер етті? Нарықтағы ең белсенді сақтандыру компанияларының (СК) басын қосып, осы және өзге де аса өзекті сауалдарға жауап алдық.