Өнер • 25 Желтоқсан, 2024
«Астана Операның» Дубайдағы өнер сапары зор табыспен өтті. Аңызға айналған Юрий Григоровичтің хореографиясындағы П.Чайковскийдің «Щелкунчик» танымал балеті «Дубай Опера» сахнасында қойылды. Көрермендердің жүрегін жаулаған қойылымда үнімен ұйытқан симфониялық оркестрді италиялық маэстро Джузеппе Акуавива басқарды.
Кино • 25 Желтоқсан, 2024
Астанада педагогтер мен білім саласының ардагерлеріне арнап «Ұстаз» фильмінің таныстырылымы өтті.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Кәріз суы өзенге құйылып жатыр
Абай облысы Курчатов қаласынан ағып шығатын қалдық сулар Ертіс өзеніне толассыз құйылып жатыр. Шаһардағы кәріз құбырлары әбден тозып, апаттық жағдайға ұшыраған. Ахуал Ертістің суын тұтынатын Павлодар, Қарағанды облыстарының халқына айтарлықтай қауіп төндіріп тұр.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Қылышын сүйретіп қыс келгелі оқыс оқиға көбейді. Өңірде 118 мәрте өрт шықты.
Театр • 25 Желтоқсан, 2024
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында жазушы, драматург Мадина Омарованың «S.O.S» атты әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар мен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында көрерменімен қауышқан қойылымның режиссері – Мәдениет саласының үздігі Аман Ғұмаров.