Маман • 21 Желтоқсан, 2023
Білікті мамандар елге орала ма?
Білікті кадрлардың шетке кетуінен мемлекет айтарлықтай экономикалық, мәдени, кейде саяси зиян шексе, оларды қабылдап, қамтамасыз ететін елдер мықты әрі арзан зияткерлік капиталға ие болады. Кейбір дерек бойынша, соңғы бес жылда бізден 300 мыңға жуық адам шетел асса, олардың үштен бірі – жоғары білімді.
Банк • 21 Желтоқсан, 2023
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік тәжірибеге сүйеніп екі деңгейлі банк жүйесін таңдап алдық. Өйткені бұл жүйені өзге мемлекеттердің басым бөлігі қолданатын еді. Оның біріншісі – мемлекеттік мекеме құзырындағы Орталық банк болса, қалғандары екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) саналды. Бүгіндері еліміздің Бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк елдегі инфляцияны бәсеңдету, бағаның тұрақтылығын, ақша-кредит саясатын әзірлеп, төлем жүйесінің жұмысын, валюталық реттеу мен оны бақылауды жүзеге асырып отырған жайы бар.
Сауда • 21 Желтоқсан, 2023
Сыртқы саудадағы сенімді серіктес
Бұл күнде Қытай Қазақстан сыртқы саудасының негізгі серіктесіне айналып отыр. Көрші елдің біздегі тауар айналымының үлесі алғаш рет 21,3%-ға жетті. Бұл – 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Биылғы тоғыз айда 21,7 млрд долларының тауарын алмасқан.
Энергетика • 21 Желтоқсан, 2023
Энергия тапшылығына жол берілмеді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Батыс Пауэр» ЖШС жүгініп, энергетикалық бизнес үшін әділ тариф белгілеу мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұраған еді. Энергетика министрлігі «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Энергетика министрінің бұйрығына өзгеріс енгізіп, жаңа тарифтер ұсынуға ниеттеніп отыр.
Қаржы • 21 Желтоқсан, 2023
Цифрлық теңге мен картаның артықшылығы
Елімізде цифрлық теңгені енгізу 2025 жылдың соңына дейін үш кезеңде жүргізілетіні айтылып келеді. Ал биылғы қарашада ұлттық валютаның жаңа нысаны бөлшек айналымға енгізіліп, цифрлық теңге платформасының бірінші кезеңі іске қосылды.