Руханият • 24 Ақпан, 2020
Алматылық ұстаз ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың тың әдісін жасады
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Ұлжан Алашабаева қазақтың ұлттық мәдениетін сақтауға және дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыруда.
Абай • 24 Ақпан, 2020
Өскеменде «Abai175» белгісі қойылған автокөліктер шығарылды
Жақында Өскеменде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақын есімі берілген арнайы трамвай жолға шыққан болатын. Енді міне, облыс орталығындағы «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамы мерейлі датаға орай «Abai175» деген белгісі бар автокөліктерді сатылымға жібермек.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2020
Алматыда волонтерлер форумы өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету» деп еріктілер жылы ретінде айдар тағылған биылғы жыл ізгілікті істер салтанат құрып, қайырымдылық қасиеттердің кеңге қанат жаятын айтулы сәті екенін айшықтап көрсетті.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2020
Биыл елімізде жолдарды жабу екі есеге көбейген
Қысқы кезеңнің басталысымен ауа райының қолайсыз жағдайлары Қазақстан жолдарында қозғалысты шектеудің 800-ден астам оқиғасына себеп болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 24 Ақпан, 2020
Алматыда қысқы жүгіру жарысы өтті
Алматы қаласында дәстүрлі қысқы жүгіру жарысы өтті. 10 жастан асқан балалардан бастап, егде тартқан қарияларға дейін бұл бәсекеде бақ сынады. Барлығы 1 500 қатысушы.