Өнер • 20 Ақпан, 2023
Жақында күйші Шалқар Ырысханұлымен емен-жарқын әңгімелесіп отырып, «жүрген соң бауырында күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» деген өлең жолдары еске түспесі бар ма. Әрине, ұлт руханиятының жоғын жоқтап, барын түгендеп жүргенін білеміз. Бірақ тоқсаныншы жылдардың алағай-бұлағай кезінде Өскеменде «Жас тұлпар» ұйымын құрып, қазақтың тілін, мәдениетін, ән-күйін асқақтатқанынан хабарымыз жоқ екен.
Қысқы спорт • 20 Ақпан, 2023
Скандинавиялықтар жүрістерінен жаңылған жоқ
Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан кезекті әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 11 күнге жалғасқан дүниежүзілік додада жер-жаһанның әр қиырынан келген спортшылар 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Оның тең жартысына жуығын норвегиялық биатлоншылар жеңіп алды.
Күрес • 20 Ақпан, 2023
Александриядағы балуандар белдесуі
23-26 ақпан аралығында Мысырдың Александрия қаласында грек-рим күресінен 1928 жылғы Олимпия ойындарының чемпионы Ибраһим Мұстафаны еске алуға арналған XXXIV халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Бұл – биылғы Халықаралық күрес федерациясының (UWW) күнтізбесіндегі рейтингтік ұпайлар сарапқа салынатын екінші ірі турнир. Алғашқысы ақпанның басында Хорватияның бас шаһары Загребте өткен болатын. Қазақстан құрамасының балуандары бұл уақытта Алматыдағы спартакиадаға дайындалып жатқандықтан, Хорватия астанасындағы жарысқа қатысқан жоқ.
Спорт • 20 Ақпан, 2023
Олимпиада бағдарламасына енген желкенді қайық спортынан Дохада ұйымдастырылған халықаралық жарыстан жерлестеріміз олжалы оралды.
Спорт • 20 Ақпан, 2023
Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде батуттағы гимнастикадан Әлем кубогінің алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті. Дүние жүзінің 16 елінен келген 60 гимнаст шеберлік байқасқан жарыста Қазақстан құрамасының өкілдері бақ сынады.