Әдебиет • 20 Ақпан, 2024
«Өмір мен өлім арасы – бір-ақ қадам». Бала күнде «Ата-анам да өле ме? Олар өлсе, мен не істеймін?» деп қайғырып жас төккенім есімде. Тағы бірде Құдай деп елестеткен адамымыздың құлап жатқанын көріп, мұңға батыппыз. Жалған дүниенің жалқы ақиқаты өлім десек, ұлы адамдардың ажал алдындағы ақырғы сөзі қалай болмақ? Не толқытты, не сезінді?
Әдебиет • 20 Ақпан, 2024
«Күнікейдің жазығында» Жүсіпбек Күнікейдің «жазығын» ғана суреттемейді ғой. Жалғыз-ақ әйел теңсіздігі емес. Адам құқығы, ар бостандығы туралы толғай келе күллі қазақ өмірін суреттейді. Жалпы, шығарманың ауқымы кең, аспаны биік, сондықтан шындығы да жалғыз кейіпкерге байланып қалмаған. Әркім өзінше ұнатып, бойлағанынша ой қорыта береді. Тұтас шығарма былай тұрсын, әр бөліміндегі бір үзіндіні кесіп алып сөйлетсе де көптеген жайтқа куәдар боламыз.
Әдебиет • 20 Ақпан, 2024
Күні кешегі сәттер санамыздан сағымданып кеткенімен, сонау келмеске кеткен бал балалық шақтағы естеліктер әлі есімізде. Сол кездердің ыстық-суығын сағынамыз, кей-кейде қара табан бала күнге қиял қанатында саяхаттап кетеміз. Тізгінсіз сағат тықылы алып-ұшып бара жатқанымен, ауылдағы алаңсыз да аяулы күндер шіркін бізден алыстамайды. Қалихан Ысқақ та 1959 жылы жазған «Қоңыр күз еді» повесінде соғыстан кейінгі интернаттағы жылдарын жып-жылы естеліктерімен еске алған. Көркем шығармада Алтайдың әсем табиғаты да, ауыл адамдарының психологиясы да, мөлдір махаббат пен мұңға толы жасөспірімдердің тағдыры да суреттелген.
Театр • 20 Ақпан, 2024
Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры биылғы жылдың алғашқы премьерасын ұсынды. Премьераның атауы – «Кербұғы». Оралхан Бөкейдің аттас әңгімесінің желісімен қойылып отыр.
Тұлға • 20 Ақпан, 2024
Тұлғаларды тұғырына қондырған мүсінші Бақытжан Әбішевтің мұрасын әспеттей алып отырмыз ба?
Өнерде жүрген екі адамның бірін-бірі қапысыз тауып, отау құрып, жан дүниесін де, махаббатын да шығармашылық дәнекерлеп тастағандай, шаңырағы бөлінбей, бүтін күйінде ел қызығатын танымал отбасына айналуы сирек бұйыратын тағдыр сыйы. Тасты қашап, тіл бітіріп, тарихи марғасқаларды тұғырына қондырған мүсінші мен театрға келген көрерменге күйбең тірлікті ұмыттырып, ізгілік әлеміне жетелейтін актрисаның бір шаңырақ астында бас құрауы өнер өлкесінің жарысып қатар аққан қос бұрым өзеніндей тым жарасымды қабылданады. Шығармашылықтың жалғыздығы мен азабына шыдап, шыбық кезінен осы ортада шынығып өскен екеуінің махаббаты мен отбасылық өмірі өнердің қара қазанында қырық жыл бойы шымырлап бірге қайнады. «Екі қошқардың басы...» деген қазақы тәмсіл талантты екі жасқа келгенде жүзі кетіліп жүрмеді, керісінше, шыңылтыр аязда жүрегінің шоғымен жылытып, шіліңгір ыстықта шынар талдың саясы болып, бірін-бірі аялап, биікке бірге самғады.