Жоба • 20 Ақпан, 2023
«Қағаз жүзінде деректер жақсы болғанымен нәтиже шамалы. Нақты жұмыс жоқ. Кешенді жоспарда бекітілген жобалар да қағаз бетінде қалып қойған. Оны жазған соң, жүзеге асыру керек. Қайтарымсыз грант – оңды-солды ақша үлестіру емес. Ол бір реттік көмек болып қалмай, әрі қарай дамуы, пайдасы болуы қажет».
Еңбек • 20 Ақпан, 2023
Еңбек нарығындағы «еркін құстар»
«Еркін құс» деп отырғанымыз – еш жерге байланбай, өз бетінше еркін еңбек ететін адамдар. Фриланстың тура мағынасы осыған саяды. Тегеуріні күшті технологияның дамуы, ұрпақтар алмасуы және олардың қалау-еркімен бірге Covid-19 пандемиясы фрилансерлердің қатарын күрт көбейтті. Бұл қазір жалдамалы еңбек нарығының ажырамас бір бөлігіне айналып отыр.
Білім • 20 Ақпан, 2023
Кәсіптік бағдарлау білікті маман болуға жол ашады
Өмірде таңдау мүмкіндігі туғанда мейлінше мүлт кетпеуге мән беретін маңызды нәрсенің бірі – мамандық. Өкінішке қарай, бұл таңдауға келгенде шалыс басып, басқа шаруаның құлағынан ұстаған немесе мүлдем шарасыз жүрген азамат көп.
Білім • 20 Ақпан, 2023
Осыдан тура 100 жыл бұрын Мағжан Жұмабайұлының «Бастауыш мектепте ана тілі» атты еңбегі жарыққа шықты. Жан-жақты ойластырылып, сындарлы жүйемен жазылған еңбекте ақын-ғалым тарихи жағдайдан туатын міндеттерді – бастауыш және еңбек мектептерінің міндеттері деп екіге бөліп қарастырады. Осы міндеттердің алғашқысы мектеп қабырғасында қалай жүзеге асырылып жүр? Бастауыштағы білім берудің басты ерекшелігі неде?
Жастар • 20 Ақпан, 2023
Жұмыспен қамту жобасы: NEET санатындағы жастар мәселесін шеше ме?
Елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Яғни 456,1 мың адам бос сенделіп жүр. Оның ішінде жұмыссыз бола тұра, оны іздеуге және еңбек етуге құлқы жоқ, білім алумен немесе оқытумен айналыспайтын NEET санатындағы жастардың үлесі 6,3 пайыз. Бұл – алаңдатарлық жағдай.