Әлем • 19 Ақпан, 2023
Бірлік үшін бірігу: Қырғызстанның бүгінгі және бұрынғы президенттері бас қосты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арнайы кеңес ұйымдастырды. Бұл кеңеске бұрынғы мемлекет басшылары Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отунбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков қатысқан.
Қоғам • 19 Ақпан, 2023
Дабыл батырмасы жоқ көлікке жол ашық
Енді елімізге кемі бір жылға дейін SOS батырмасы орнатылмаған автокөліктер әкеліне береді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде шешім қабылданды. Мұндай шешімнің қабылдануына Қазақстан тарапы бастамашылық еткен. Осылайша, жеке автокөлікті SOS батырмасымен міндетті жарақтандыруды қолданысқа енгізу мерзімі 1 жылға ұзарды.
Ұстаз • 19 Ақпан, 2023
Ұлағатты ұстазыңды есіңе алғанда, ет-жүрегің елжіреп, әлдеқайдан жаныңа бір жылы шуақ құйылып, көл-көсір мейірімге бөленетін кез болады. Сірә, бұл шәкірттің ұстазына деген құрметі, ризашылығы шығар. Шәкірт жүрегіне енген ұстаз – ең аяулы, ең қадірлі жан. Өз басым өмірде ұстаздан жолы болған адаммын. Қолыма қалам ұстаған жылдары көпке танылып, қандай да бір жетістікке жетсем, ол асыл ұстаздарымның арқасы.
Жастар • 19 Ақпан, 2023
Жастардың басын қосатын орталық
Қызылордадағы «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы өткен жылы 143 іс-шара ұйымдастырып, оған 10 мыңнан астам жас қатысыпты. Жастардың сұранысына орай жабдықталған орталық қызметін 11 мыңнан астам адам пайдаланған. Мұндағы WI-FI, коворкинг орталығы, спорттық секциялар, креатив фото-бейне студиясы, би залы және жастар ұйымдары кабинеті тегін қызмет көрсетеді.