Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Тұрғындардың талап-тілегі талданады
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов алғашқы есепті кездесуін баяндамасыз өткізді. Өңірге жаңадан тағайындалған әкімнің мұндай бастамасы әрине құптарлық. Есептік кездесудің бұрыннан қалыптасқан қасаң форматы өзгергенін тұрғындар да жақсы қабылдады.
Ауыр атлетика • 21 Ақпан, 2020
Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлық біріншілігінде жерлестеріміз 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Экономика • 21 Ақпан, 2020
Мұнай мен конденсат өндіру деңгейі тұрақты
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 2019 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялады.
Таным • 21 Ақпан, 2020
Жоғары оқу орындарының рейтингі қалай жүргізіледі?
Алғаш рет 1983 жылы АҚШ-тағы «U.S. News & World Report» апталық журналы «Американың үздік колледждері» рейтингін жариялады. Оқу орындарының салыстырмалы көрсеткішін әзірлеу тарихы осылай басталды. Ал Томск университетінің ректоры Эдуард Галажинскийдің зерттеуінде келтірілген дерек бойынша, ең бірінші халықаралық рейтинг (The Academic Ranking of World Universities – ARWU) 2003 жылы пайда болды. Содан бері барлық ел халықаралық рейтингке қатысуды, сондай-ақ өз ішінде ұлттық есеп жүргізуді әдетке айналдырды. Бұл үрдіс бүгінде елімізде де кеңінен көрініс тауып келеді.
Руханият • 21 Ақпан, 2020
Волонтер жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен айдарланған жылдың несібесі де, жаңалығы да мол болатын сыңайлы. Волонтерлердің «Біргеміз!» республикалық фронт-кеңсесін ашқан Мемлекет басшысы: «Отанды сүю дегеніміз айғайшыл ұрандар мен құрғақ сөздер емес, бұл күнделікті еңбек ету, соның ішінде жан қалауы бойынша қайырымды істермен халықтың игілігіне еңбек ету» деп анық айтты.