Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Соңғы жылдары еліміздің барлық өңірінде жол салу құрылысы қарқын алып келеді. Бұл жөнінде жол-көлік логистикасы орталығына айналу бағытын ұстанып отырған Ақтөбе аймағында да атқарылған іс аз емес.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Құрылысты аяқтауға кепілдік бар
Орталық коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша холдингтің 2019 жылғы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берді.
Спорт • 21 Ақпан, 2020
Бұл күндері Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Кеше грек-рим күресінің балуандары жарысты қорытындылады. «Классиктер» бәсекесінде біздің балуандар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжалап, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады.
Руханият • 21 Ақпан, 2020
Алматыдағы ең жайлы уақыт мамыр-маусым айлары. Күн аса ыси қоймайды, таудағы қар да тақыр-таза еріп кетпейді. Қазір жауған жаңбырдың суы жерге қазір сіңіп кетіп жатады. Күннің қызуымен таудың салқын лебі араласып, барша табиғат хош иісті қоңыржай ауаға молынан кенеледі.
Таным • 21 Ақпан, 2020
Әлихан Бөкейхан: Санкт-Петербург және Самара іздері
«Ұлытау-2019» халықаралық туризм форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан есімін халық жадында қалдыру мәселесіне ерекше тоқтала келіп: «Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы керек» деп атап өтті. Сол тарихи тұлғаның тікелей ұрпағы Әлихан Бөкейханов туралы кейінгі жылдары аз жазылған жоқ. Десек те, ол кісінің Санкт-Петербургте оқу кезеңі, Самарадағы өмір жолы әдебиеттерде мол қамтылмай, мұрағат құжаттарының жеткіліксіздігі әлихантануда сұрақтар туғызып отырғаны да ақиқат. Осы ақтаңдақты жою мақсатында біз аталған қалаларда болып, біраз тың деректерді тапқан едік. Оларды осы тақырыпты зерделеп жүрген ғалымдарға, жас ізденушілерге ұсынған болатынмын. Бүгін оны барша оқырмандарға ұсынуды жөн көріп отырмын.