Пікір • 15 Ақпан, 2024
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ауыл шаруашылығы мен ауылды өркендетуге қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Соның ішінде ауылдарды жайылыммен, сапалы ауызсумен қамту мәселелерінің әлі де болса шешім таппай отырғанын орынды айтып өтті.
Пікір • 15 Ақпан, 2024
Қазір жарты әлемді жалғастырып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының жобасы осыдан 14 жыл бұрын басталып еді. Сол тұста облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ретінде біраз жауапкершілік те арқаладық. Мұндағы айтайын дегенім, біздің жергілікті жол салатын компаниялардың тәжірибесі сол кездің өзінде бізге бас мердігер болып келген шетелдік жолшылардан мысқалдай да кем емес болатын.
Саясат • 15 Ақпан, 2024
Таяуда Әзербайжан делегациясының жұмыс сапары шеңберінде ынтымақтастық мәселелері бойынша отырыс болды. Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігі мен Қазақстанның Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің кәсіби дипломдарын өзара тану, рұқсаттар квотасын (үшінші елдер үшін рұқсат) ұлғайту, Құрық портында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, сондай-ақ тиеуді жүзеге асыратын локомотивтер санын көбейту туралы келісім жобасына қатысты мәселелер талқыланды.
Пікір • 15 Ақпан, 2024
Цифрландыру сақтандыруды дамытады
Қазақстандағы сақтандыру саласы технологиялық өзгерістерге бейімделіп жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, соңғы 5 жылда салалық белсенділік 2,5 есе өсті. 2023 жылдың екінші жартысында сақтандыру нарығының көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Қазір ел көлемінде сақтандыру сыйақыларының көлемі 2,5 еседен артып, 577,8 трлн теңгеге жетсе, сақтандыру шарттарының көлемі екі есе өсіп, 9,3 млн-ға ұлғайды. Оның 86 пайызы жеке тұлғалармен жасалған. Соңғы 5 жылда сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,5 есе өсіп, шамамен 141 млрд теңге болды.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Полиция қызметкерлері қарлы боранда адасып кеткен тағы бір адамды ажалдан арашалап қалды. Жоғалған азамат түн ортасында айдалада құлап жатқан жерінен табылып, аман-есен анасының қолына табыс етілді.