Тарих • 17 Ақпан, 2023
Бірде Кенен Әзірбаев Жамбылдың өнер ортасын, ақындық айналасын әңгімелеп отырып:
Әдебиет • 17 Ақпан, 2023
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып, Гогольдің «Өлі жандар» шығармасындағы Чичиков есіңе түседі. Ол кітап оқуды сұмдық жақсы көреді. Оған не оқыса да бәрібір – көркем ойдан емес, адамның әріптерден сөз, сөздерден мәнді сөйлем құрауынан ләззат алатын. Бүгінде жаһандық мәселеге айналған «кітап оқымау» хақында сөз қозғай қалсақ, қоңыр әуенге салып, рухани құндылықтары құлдыраған қоғамға көңіліміз толмай, әсіресе жастарға кейістік білдіріп жатамыз.
Пікір • 17 Ақпан, 2023
Сайлау және жергілікті атқарушы билік
Биылғы сайлау үдерісінің нәтижесінде қоғамда Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Ол халықтың мүддесін жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толыққанды қорғауға мүмкіндік береді. Жергілікті жерлерде түрлі көзқарастар мен саяси бағыттағы партиялар пайда бола бастайды. Бұл жаңару үдерісінің жалғасы ретінде облыстардағы демократиялық институттардың белсенділігін арттырып, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етпек.
Тұлға • 17 Ақпан, 2023
Кеңес заманында Көкше өңіріне кеңінен танымал болып, таралымы 16 мың данадан асқан «Көкшетау» газетінің бас редакторы, белгілі журналист-жазушы Жанайдар Мусин өзі басқарған шығармашылық ұжымға кілең дарынды жастарды жинаған еді. Сондықтан да бүгінде өздерін «Мусин мектебінің шәкіртіміз» деп мақтанышпен атайтын әріптестеріміз аз емес. Солардың бірі һәм бірегейі – бүгінде «Егеменнің» Ақмола облысындағы меншікті тілшісі қызметін абыроймен атқарып жүрген Байқал Байәділ.
Туризм • 17 Ақпан, 2023
Өңір туризмі өркен жайсын десек...
Қолында қаржысы барлар көбіне шетелге шығып демалғанды қолай көреді. Ел көріп, жер танығанға, не жетсін? Бірақ демалуға тірнектеп жинаған қаражат өзге елдің қазынасын қампайтып, өзіміздікін ортайтып жатқанын түсінгіміз келмейді. Отандық туризмнің ұтылатыны – осы тұс. «Елде неге демалмайсың?» деп сұрай қалсаң, жауап дайын. Сын көтермейтін сервис жайын сөз етіп, шектен шыққан қымбатшылықты қозғайды.