Аймақтар • 19 Ақпан, 2019
Қарағанды облысында улы газ хабаршылары қойыла бастады
Қарағанды облысында төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастамасы бойынша аз қамтылған отбасылардың жер үйлеріне улы газ хабаршылары (датчиктер) тегін орнатыла бастады.
Өнер • 19 Ақпан, 2019
«Мүсін жасау өнерімен айналыса бастағаныма көп бола қойған жоқ. Барак Обама АҚШ президенті атанып, Мадам Тюссо музейінде оның балауыздан жасалған мүсіні пайда болды. Сол кезде халқымыздың тарихи тұлғаларының мүсіндерін жасау туралы ойладым. Біздің Қазақстанда да мұндай өнер бар екенін көрсеткім келді...»
Батыр бала екі бүлдіршінді құтқарып қалды
Шымкенттік 13 жасар бала екі баланы өрттен құтқарып қалды. Көршісінің кішкентай қызы Арайдың жанұшыра көмек сұраған даусын естіген бойда бала батыр Бақытжан сынған қолына қарамай қызыл жалын шарпыған үйден екі баланы сыртқа алып шыққан.
Алматыда Достық үйінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздары «Менің жетістігімнің тарихы – елімнің жетістігінің тарихы» деген тақырыпты қала жастарымен бірге отырып талқылады.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2019
ШҚО-да 7 күнде 1200 көпбалалы отбасы медициналық тексеруден өтті
Өңірде «Саламатты Ана мен Бала» айлық-акциясы жалғасуда. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 күн ішінде 1200 көпбалалы отбасы (мыңға жуығы - ана, 2999-і – бала) тексеруден өтіп, дәрігерден кеңес алыпты.