Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Онкүндік аясында он отбасына көмек көрсетті
Таяуда Симферополь орта мектебінде «Жақсылық жаса» қайырымдылық онкүндігі ұйымдастырылды. Ізгілік шарапаты мол, иманды шараға жергілікті меценат Айсұлу Сәбитова бастамашы болды.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2021
Саланы цифрландыру – уақыт талабы
Кеше Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Министрліктің өткен жылғы жұмыстары қорытындыланып, биылғы жоспарлары баяндалған ауқымды жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты.
Экономика • 19 Ақпан, 2021
Әлем Қытай экономикасына инвестиция салуға неге құмар?
Трамптың өз заманында сауда соғысы арқылы Қытай экономикасының дал-дұлын шығарамын деген тәтті арманы орындала қойған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, керісінше дәл осы текетірестен АҚШ-тың өзі көбірек зардап шеккен сыңайлы. Қуатты экономикасын күн санап күшейтіп жатқан Қытай әлемдік инвестицияны иелену бойынша да көш бастап келеді.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылында тұратын зейнеткер Орынкүл Жұмаділдәқызы үйдің күнделікті күйбең тіршілігінен қолы қалт еткенде өзен жағалап, бір уақыт балық аулап қайтқанды әдетке айналдырған. Биыл 75 жасқа келген зейнеткер немерелері балық сұраса, қыстың қақаған аязына да қарамайды. Мұз оятын бұрғысын, шелегі мен қармағын қолына алып ауыл іргесіндегі өзенге қарай тартып отырады. Торғайдың қалыңдығы бір метр мұзын оп-оңай бұрғылап ойық жасап алып, қармақ салуға кіріседі.