Теннис • 05 Ақпан, 2018
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды
Қазақстан құрамасы теннистен ұлттық командалардың бейресми әлем чемпионаты саналатын Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алды.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
«Рухани жаңғыру», «Туған жер» және «Музей дамытудың жол картасы» бағдарламалары аясында ұйымдастырылған «Ереймен еліндегі Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр жорықтарының ізімен» атты автоэкспедициямыз осы ауданның күншығысындағы Қоржынкөлдің жағасында орналасқан Саққұлақ би мазарын көруден басталды.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2018
Колледжде техника тілін түсінетін түлектер даярлануда
Білімді тәжірибемен ұштастыра отырып жетілдіру қай заманда да өзекті. Әсіресе, бұл техникалық және кәсіптік оқытуда өз шешімін тауып жатса, ешкім де ұтылмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдан бастап жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беруді жүзеге асыруды тиісті мекемелерге жүктегені белгілі. Бұл игілікті істі алда да қарқынды дамыту тетігін Президент «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында да анық айтты.
Агроөнеркәсіптік кешен: түбегейлі бетбұрыс
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жан-жақты және қарқынды дамыту жолдары нақтыланды. Әрине елімізде ауыл шаруашылығын жүргізу және ұйымдастыру үлгілері әбден қалыптасқаны белгілі. Алайда, бұдан былай осы салада ескірген тәжірибе ығысып, оның орнын жаңа технологиялық қалып басып келе жатқанын көріп отырмыз.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2018
Орман қоры ойдағыдай қорғалсын
Қазынаны қорғау – қасиетті іс. Ұлы дала төсінде жайқалған әсем табиғаттың өзі – ұлттың киелі қазынасы, баға жетпес байлығы. Ал сол қазынаның көлденең келер қауіп-қатерден қорғалуы кейде көңіл көншітпей жатады. Қазақтың «Бір тал кессең – он тал ек», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген өсиет сөздері табиғатты қорғаудың терең пәлсапасын түсіндіргенімен, оның іске асуы көп жағдайда қиындап қала береді. Әсіресе жер аяғы кеңіп, бәйшешек гүлдеген шақтан бастап, жадыраған жаз мезгілінде де табиғатты тосын қатерден қорғау мәселесі күн тәртібіне шығады.