Жәдігер • 15 Ақпан, 2023
Ұлттық академиялық кітапханадағы «Кітап музейінде» тарих пен әдебиетке қатысты бірқатар көне қолжазбалар мен кітаптар жинақталған. Сондай құнды дүниенің бірі – Алтынсарыұлы Ыбырай «Өлеңдер жинағы» деп аталған кітап. 1935 жылы Қазақстан көркем әдебиет баспасынан 5000 таралыммен жарық көрген жинақ латын қарпінде басылған.
Абай • 15 Ақпан, 2023
Бұл тарихи журнал – Абайға арнап шығарылған алғашқы мерзімді басылым. Абай есімін ұрпақ санасында сақтау, еңбектерін нәсихаттау бағытындағы шаруаның бірі – «Абай» журналы (1918) «Қазақ» газетінің жолын жалғастырып, Абайдың рухани мұрасын жұрт жадына сіңіріп, ұлттық бағытпен жүрді. Оқырмандарын Абай көксеген жолға салуға тырысты. «Сарыарқа» газетімен қанаттас, пікірлес болды. «Бірлік туы» (1917-1918), «Жас-азамат» (1918-1919) газеттеріне рухани қолдау көрсетіп отырды.
Әдебиет • 15 Ақпан, 2023
Бабы келген кемел туындылар болады. Асқан білгірлікпен, талғампаздықпен қалыпталғаны өз алдына, байыптап, жеті рет өлшеп, бір рет кескен адам емес, құдірет дерсіз. Таңдап алған тақырыбының иін қандырып, суын сығып, сөлі мен нәрін әкеп құя салады кеудеңе. Байыптап үлгермей де қаласыз. Себебі бастаған бойда бір деммен оқып шығасыз да, құмарың қанбай қайта парақтап, ұңғыл-шұңғылын тағы бір мәрте сүзіп шығасың. Әсіресе Тәкен Әлімқұлдың «Көк қаршыға» әңгімесін оқығанда әлгіндей әсер алдық. Жалпы Тәкеннің ән-күйі туралы әңгіме, повестері – атап айтарлық соқталы дүниелер.
Спорт • 15 Ақпан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да, түрлі жиындарда да бұқаралық спортқа көңіл бөлу қажеттігін ескертіп келеді. Бұқаралық спорттың дамуы шырайлы Шығыста ойдағыдай деуге болады. Тұрғындардың 30 пайызы бос уақыттарын мәнді де сәнді өткізеді.
Сұхбат • 15 Ақпан, 2023
Нұрсұлтан АМАНЖОЛОВ: Рингте тәжірибенің орны бөлек
Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Нұрсұлтан Аманжоловтың есімі бүгінде қазақ бокс жанкүйерлеріне жақсы таныс. Әуесқой бокста жүріп-ақ ересектер арасындағы талай дүбірлі додада топ жарып, майталман мамандардың көзіне түскен отандасымыз бүгінде кәсіби бокстың шаршы алаңында жұдырықтасып жүр. Аяқ алысы да жаман емес. Төрт кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол қазіргі таңда әлемге әйгілі украиналық боксшы Александр Усиктің бірінші спарринг-серіктесі саналады. Жуырда сол боксшымызбен әңгімелесудің сәті түскен еді.