Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Уханьнан эвакуацияланғаны үшін рахмет айтты
Соңғы уақытта ел ішінде «коронавирус» деген індетінің атауы кеңінен тарады. Кейбірі алаңдап, кейбір елдер амалдап әрекет етуде. Үміт пен үрейдің, күдік пен күмәннің арпалысып жатқан сәті деуге болады. Адамдар жөтелгенге шошып, түшкіргенге үркіп қарайтын болды. Дегенмен «Құдайдың бұйрығынсыз қурай да сынбайтынын» ескерсек, әлем жұртын әуреге салған әлгі індеттің ажалсыз адамды айналып өтетіні айқын. Құдай құтқарар деп құр жатуға да болмас. Сақтық шараларына салғырт қарамай, медицина мамандарының пікіріне мейлінше құлақ түрген абзал. Уханьнан шыққан вирусқа толымсыз деректермен тон пішкендер де баршылық. Ал көзбен көріп келгендер не дейді?!
Медицина • 19 Ақпан, 2020
Кемедегі қазақстандықтар елге қашан келеді?
Қытайдан тарап жатқан атышулы індеттен кейін барлық мемлекеттер шекарасын қымтап, Қытайға барып келген жандарды қайта-қайта тексеріп, әбден әлекке түсуде. Соның ішінде Жапониядағы Diamond Princess круиздік лайнері көрпесін тарс бүркеніп, өз алдына бір шағын мемлекет сияқты оқшауланып, жолаушылары екі аптадан бері құрлыққа шыға алмай отыр.
Руханият • 19 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы екі есеге артады. Осылайша 2020 жылғы қаңтардан бастап педагогтің жалақысы 25%-ға артып отыр. Ал қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес сынып жетекшілігі, дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін қосымша ақы мөлшерін екі есе арттыру қарастырылған.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Педагог мәртебесін педагог көтереді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Өз кезегінде Білім және ғылым министрлігі заңды іске асыру кезеңіне көшетінін мәлімдеді. Ұзақ жылдар бойы мұғалімдердің күткен арманы орындалды, ұстаздар құқығы кеңейтілді. Жүктемесі азайды, қосымша жұмыстардан босады. Жалақы біртіндеп көбейеді. Енді «Шебер педагог», «Үздік педагог» боласың ба, бәрі өзіңе байланысты.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетінде саясаттанушылар, заңгерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Қазақстан Республикасындағы бейбіт кездесулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қызу талқылады.