Байқау • 12 Ақпан, 2024
Оқушылар мен мұғалімдер арасында кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында А.Байтұрсынұлы Білім академиясы республикалық «Үздік оқырман» мұғалімдер байқауын ұйымдастырып, қорытындысы салтанатты жағдайда өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы байқау Астанадағы Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде қорытындыланды.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2024
Алматы технологиялық университетінің 3-курс студенті Нұрдәулет Байханов жаңа қосымша құрастырды. Өзі де ҰБТ тапсырған ол жаңа қосымшасын UNAI деп атаған.
Өнер • 12 Ақпан, 2024
Тұңғыш рет. Қазақ композиторының операсы Ұлыбританияда орындалады
Тарихта тұңғыш рет Қазақстан композиторының операсы Ұлыбританияның төрт қаласында орындалады. 2024 жылдың 17 ақпанында Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісагиннің «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтеді, деп жазады Egemen.kz «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап.
Ғылым • 12 Ақпан, 2024
Қоңыр Мандокидің туғанына 80 жыл: Алматыда ғылыми конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы, қайраткер Иштуан Қоңыр Мандокидің туғанына 80 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 12 Ақпан, 2024
Ұлт кескіндеме өнерінің тарланбозы Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Ұлттық бейнелеу өнері десе, Әбілхан Қастеевтің есімін бренд деп білеміз. Халық суретшісінің «Көгілдір көйлекті қыз», «Амангелді сарбаздары», «Қалыңдық» секілді өзге де туындыларын замандастары, майталман мамандар жоғары бағалағаны анық.