Әлем • 26 Ақпан, 2023
Ниеті оң Нидерланд инвестиция көлемін арттырмақ
Нидерланд Қазақстанда хаб құрып, ірі халықаралық жобаны жүзеге асырмақ ниетте. Қазір нидерландтық жетекші компания елімізде өндіріс ашу мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Егер үкімет жобаны тиімді деп тапса, аймақтарда бау-бақша, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда қолданылатын жоғары қысымды ылғалдандыру жүйелерін өндіретін өндіріс орны салынады.
Әлем • 26 Ақпан, 2023
Қазақстан Қытай ұстанымын құптайды
Қытай Халық Республикасы Украинаға қатысты ұстанымын жариялады. «Қытайдың Украин дағдарысын саяси реттеу жөніндегі ұстанымы» деп аталатын құжатта 12 тармақ қамтылған. ҚХР-дың осы ұстанымына қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі түсініктеме беріп, құптайтынын жеткізді.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2023
Жақында Қазақстан тәжік еліне гуманитарлық көмек ретінде бес мың тонна мазут берді. Осылайша, Тәжікстан Республикасына 2006 жылдан бері көрсеткен гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 44 млн доллардан асты. Жалпы, еліміз бірқатар дамушы елге тұрақты көмек көрсетіп, қолдау білдіріп келеді.
Экономика • 26 Ақпан, 2023
Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды
Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Жаңартылған болжам, деректерді талдау, инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау осы шешімге негіз болған. «Геосаяси жағдай және оның қалай аяқталарының әлі де белгісіз күйде қалуына, азық-түліктің әлемдік бағасының түспей тұрғанына байланысты проинфляциялық факторлар сақталып отыр», деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Қоғам • 26 Ақпан, 2023
Ерекше жандарға арналған ереже
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған жиын барысында мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қолжеткізу мәселесі жан-жақты талқыланды.