Өндіріс • 08 Ақпан, 2025
«Merox» технологиясының маңызы
Павлодар мұнай-химия зауытында сұйытылған көмірсутек газын сілтілі тазартатын жаңа кешен іске қосылды. Тазарту барысында «Merox» технологиясы қолданылады. Әдіс «Honeywell» корпорациясы құрамындағы «UOP» (Universal Oil Products) америкалық компаниясынан алынған. Кешен өнім сапасын жақсартып, шығарындыларды азайтып, жылына 100 мың тонна сұйытылған көмірсутек газын меркаптан күкіртінен тазартуға мүмкіндік береді.
Алматы • 08 Ақпан, 2025
Бірлік алаңына айналған шаңырақ
Еліміздің үлкен қалаларындағы Достық үйлері – рухани байланыс алаңы ретінде этномәдени бірлестік өкілдері ұдайы бас қосып, тағылымды іс-шаралар өткізетін бірегей орын. Түрлі мәдениеттер тоғысып, тіршілігі қыз-қыз қайнаған Алматыдағы республикалық Достық үйі солардың басын біріктіретін орталық дерсіз. Мұнда күні бүгін 19 этномәдени бірлестік жұмыс істеп отыр. Келушілер осы жерде тіл үйреніп, түрлі іс-шара ұйымдастырады, арнаулы үйірмелер арқылы өнерлерін шыңдап, өзара ынтымаққа ұйыстыратын маңызды жобаларға үн қосады.
Президент • 08 Ақпан, 2025
Қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Еліміздің бизнес қоғамдастығының басын қосқан бұл жиын мемлекет пен экономиканы дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің мақсат-ниеті бір екенін көрсетті.
Қоғам • 08 Ақпан, 2025
Кеше елордағағы «Rixos President Astanа» қонақүй кешенінің конференция залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты тақырыппен кеңейтілген төралқа отырысын өткізді. Іс-шарада Жеңістің 80 жылдығына дайындық және оны мерекелеу мәселелері талқыланды.
Қоғам • 08 Ақпан, 2025
Рухани мұрат және отбасы құндылығы
12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толды. Бұл – бағалай білгенге ауқымды істерді атқаруға берілген үлкен мүмкіндік. Кезінде Алматыдағы шағын ғана ғимаратта өз жұмысын бастаған мүфтият бүгінде үлкен рухани ордаға, Қазақстан мұсылмандарының қарашаңырағына айналды.