Қаржы • 09 Ақпан, 2024
Жылу орталықтары БЖЗҚ қаражатына салына ма?
Желіде осындай ақпараттың тарағанына біраз болды. Елімізде жаңадан жылу электр орталықтарының салынатыны, оған Ресей тарапының қатысатыны анық бола түсті. ЖЭО жобалары үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қаражатының тартылғалы жатқаны да жалған емес. Десе де осы мәселеге тереңірек үңіліп, мән-жайын айқындап көрейік.
Жәдігер • 09 Ақпан, 2024
Англиядан табылған алтын жалатылған күміс зат. Мерзімі VIII ғасырдың аяғы, IX ғасырдың басы деп көрсетілген. Ғалымдар мұның не үшін жасалғанын анықтай алмаған. Дегенмен жәдігердің бетіндегі таңбалар көне түркілік күлбізік (руна) әліпбиімен жазылған жазу екені мәлім болды.
Қоғам • 09 Ақпан, 2024
Мемлекеттік қызметтерді көрсету – мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының құрамдас бөліктерінің бірі. Адам дүниеге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Бүгінде азаматтардың уақытын үнемдеу, әкімшілік кедергілер мен қағазбастылықты жою мақсатында электронды көрсетілетін қызметтердің үлесі артып келеді.
Жоба • 09 Ақпан, 2024
Заман ілгері озған сайын кез келген шаруаны зыр еткізіп тез ыңғайлаудың мүмкіндігі арта түсті. Бұл ретте іздегенде қасыңнан табыла кетіп, аяғыңды жерге тигізбей ала жөнелетін таксилерді онлайн ұстауды да айтуға болады. Кейінгі жылдары такси шақыратын мұндай смартфон қосымшаларын қолданушылардың қатары тіптен көбейді. Енді осынау игілікке мүгедектігі бар жандар да қол жеткізіп отыр.
Энергетика • 09 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы бас басылымдағы сұхбатында тұрғын үйлерді жылумен қамту мәселесіне мән беріп, тозығы жеткен орталықтардың жайына назар аударды. Расында, елімізде отын қоры жеткілікті болғанымен, қыс мезгілінде үйлерді жылыту мәселесі желілердегі апаттар салдарынан қиындап кететіні – үйреншікті жағдай. Жылыту маусымына дайындық ерте басталса да, үдесінен шыға алмайтын осы жүйедегі негізгі мәселе неде?