Медицина • 26 Ақпан, 2021
Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса
Қайырымдылық – асыл қасиет. Қысылғанға демеу, жығылғанға медеу болып, жан-жағына шапағат шуағын шашып жүретін жандар аз емес. Олар өздерінің бұл ісін азаматтық борышына балайды. Әсіресе, ел басына қатер төніп, пандемия ушығып тұрған сын сағатта барымен бөлісіп, ауыр жүкті жеңілдеткен атымтай жандар тұтас қоғамға үлгі бола білді.
Өнер • 26 Ақпан, 2021
Көмбедегі көне күй күмбірлейді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» қазақ күйлері антологиясы» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Байырғы әрі бірегей күйлер жазылып, цифрлы тасығышпен жабдықталған көлемді еңбек «Сауап» қоғамдық қорының демеушілігімен шығып отыр.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Еліміздегі азаматтық қоғамның даму жолы мен өркендеу кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ үкіметтік емес ұйымдар Тұңғыш Президентіміздің сенімді серігіне айналды. Тіпті үкіметтік емес секторды дамытудың қазақстандық үлгісі қалыптасты деуге болады. Соның нәтижесінде өткен 30 жылда ел дамуына елеулі үлес қоса алатын, азаматтық қоғамның ауыр жүгін арқалай алатын жаңа буын өсіп-жетілді.
Руханият • 26 Ақпан, 2021
Уақыт сынағынан сүрінбеген алып тұлғалар саусақпен санарлық. Солардың бірі – Жамбыл. Сүйінбай баба іні шәкіртіне домбырасын бекер қалдырмапты.
Білім • 26 Ақпан, 2021
Қайырымдылық қолын созып, жанашырлық құшағына алу – халқымыздың ықылым заманнан бері бойына біткен ізгі қасиетінің бірі. Таяуда Петропавл қаласындағы С.М.Киров атындағы зауыт ұжымы Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университетпен бірлесіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың студенттеріне соңғы үлгідегі ноутбуктерді тарту етті.