Бизнес • 27 Ақпан, 2024
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, бизнесті жүргізу туралы заң ережелерін талқылады.
Саясат • 27 Ақпан, 2024
Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бейжіңге жұмыс сапары аясында ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесіп, жобаның жай-жапсарын талқылады. Бастама қызметі музей, кітапхана ісі, музыка және кино өнері, тіл үйрету сынды бағыттарға екпін береді деп жоспарланып отыр.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Еліміздің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары әзірленді. Басты бағдар – ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көлемін 450 млрд долларға жеткізу. Бұл үшін нақты 17 бағыт қамтылған. Маңызды құжат Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) алаңында сарапқа салынды.
Қаржы • 27 Ақпан, 2024
2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі қолма-қол ақшасыз карточкалық транзакциялар көлемі алғаш рет ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткішінен (ІЖӨ-ге 120%) асып, 142,6 трлн (+39%) теңгені құрады. Бұл жағдайда ел бойынша қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 82,5%-дан 86,2%-ға дейін өсті. Бұл туралы Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.
Сараптама • 27 Ақпан, 2024
Гендерлік теңдік – әлемде және елімізде де өзекті тақырыптың бірі. Жыл сайын Давоста өтетін Әлемдік экономикалық форумдағы панельдік талқылау да осы мәселеге арналады. Мәселен, соңғы өткен Давос форумында «Әйелдер өмірден бәрін ала ала ма?» (Can women have it all) деген өзекті сұрақ талқыға түсіп, белгілі сарапшы, заңгерлер, мемлекеттік қызметкерлер, білім саласының өкілдері осы мәселеге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.