Инновация • 04 Ақпан, 2024
Отандық инновация жетістіктері көрсетілді
Жыл сайын өтетін «Digital Almaty» форумы аясында озық цифрлық жобалар көрмесінде цифрландыру саласындағы отандық жетістіктер ұсынылды. Пленарлық сессия алдында көрмемен Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның үкімет басшылары танысты.
Байқау • 04 Ақпан, 2024
Қарағандыдағы «Достық» үйінде халық ақыны Жәкен Байтуовтың «Бөрі батыр» дастанын жырлаудан облыстық жыршылар сайысы өтті. Ақын да, батыр да ұлықталған бұл байқаудың басты ерекшелігі мынада: екі аталымнан үздік шыққан қос жеңімпаздың жетегіне жылқы байлады.
Сұхбат • 04 Ақпан, 2024
Әшім Ахметов: Қаламақымды АҚШ-та білім алуға жұмсадым
Актер үшін жарқ етіп экранға шыққаннан-ақ бірден ел есінде жатталудан артық бақыт жоқ шығар. Оны өнер адамдары өз арасында «типажды әртіс» деп айрықша әспеттеп те жатады. Қауым болып көз тігетін кино кеңістігінде дараланатын ондай әртістер көп емес. Ал барының бағы бес елі. Жас та болса кинодағы қадамын табысты бастаған сондай актердің бірі Әшім Ахметов десек, қателесе қоймаспыз. Алғашқы адымы «Көшпенділер» фильмінен табысты басталған өнер иесі тарихи туындылармен қатар комедиялық фильмдерде де жақсы көрініп жүр. Түрі сұсты болғанымен, әлемі әдемі актермен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында жүздестік.
Қоғам • 04 Ақпан, 2024
Әр үйдің төрінде тұратын желідегі радио архаизмге айналып, тұрақты тыңдаушысынан ажырағалы бүгінгі интернет иіріміне батқан кей балаға радио дегеніңіз «машинадағы музыка» есебінде қабылданады. Радиохабарын арнайы тыңдамайтын телефонға тәуелді ұрпақтың бұл қылығы кешірімді секілді мән бергіміз келмейді-ақ. Бірақ ақпарат тарататын құралдар арасында жан жадырататын көңіл хошын сыйлай отырып, оқиға ортасында жүріп, тәулік жаңалығын жылдам жеткізіп беретін радионың маңызы бұдан төмендеп қалмайды. Бала түгілі үлкеннің өзі радио құралына темір тұлпарын тізгіндеп жол үстінде сапарлап жүрген кезінде ғана көбірек құлақ төсеп тыңдайтыны өтірік пе?
Руханият • 04 Ақпан, 2024
...Бәрі кітапқа қызмет етуі керек
Былтыр Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы балалар әдебиетіне қатысты үлкен мәселе көтере келіп, жас ұрпақты, қоғамды кітап оқуға шақырды. Кітаптың орнын ешқандай смартфон, планшет толтыра алмайтынын қадап айтты.