Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында (1-Терминал) коммерциялық және өндірістік нысандардағы ауқымды кеңістіктерді тазалауға арналған автономды тазалағыш робот таныстырылды. Жобаны Tech Garden дербес кластерлік қорының портфельдік стартапы «ҚЗ автономды технологиялар» компаниясы Startup Kazakhstan акселерациясына қатысу барысында жүзеге асырды. Аталған бағдарламаға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2019
Жымпитыда «Алла» деген жазуы бар ала қозы туды
«Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында бүйірінде «Алла» деген жазуы бар қозы туды» деп хабарлайды сол аудандағы әріптесіміз Бауыржан Ширмединұлы.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2019
Рудныйда жол қауіпсіздігін бақылайтын құрылғы орнатылды
Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің бастамасымен Рудный қаласының көшелеріне «Жаяу жүргінші торы» деп аталатын екі ақпараттық-ескертпе құралы орнатылды. Кен алыбының бұл бастамасы қаладағы жол қозғалысы кезінде жүргіншілер қауіпсіздігіне септесу мақсатынан туған еді.
Мәжіліс депутаттарының аймақтарға жұмыс сапары жалғасуда. Халық қалаулылары облыстардың шалғай ауылдарына дейін барып, жергілікті тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың мақсат-міндеттерін және заң шығару үдерісінің жай-жапсарын түсіндіріп жатыр, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2019
«Орал» халықаралық әуежайы» ҚПО қаржысына жөнделеді
Оралда халықаралық әуежай кешенін жаңғырту жобасы қолға алынды. Жобаның құны шамамен 2,7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс ҚПО б.в компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары шеңберінде қаржыландырылмақ.