Әлем • 27 Ақпан, 2020
Коронавирус тараған елдерге бармаған абзал
Қытайдан таралған коронавирус бүгінде 38 елге таралып, 80 мыңнан астам адамға жұқты. Қазіргі кезде індет өршіп тұрған елдердің қатарында Қытайдан бөлек Оңтүстік Корея, Жапония, Италия және Иран қатарлы мемлекеттер бар. Соған байланысты елімізде сақтық шаралары жалғасып жатыр. Кеше Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысымен ауру асқынған елдердің тізімі жарияланды.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Биылғы ақпан айының 20 жұлдызында Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Кеңқияқ кен орнында «Н-Техсервис» компаниясы құрамындағы бригада жұмысшылары кезекті ауысымға шықпай қалды. Осы жағдайға байланысты Кеңқияққа шұғыл аттанған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов пен компания директорының міндетін атқарушы Ван Илинь және еңбек инспекциясының өкілдері мәселенің мән-жайын анықтау кезінде даудың басты себебі жалақы мөлшерінің төмендігі екенін білді.
Таным • 27 Ақпан, 2020
«Бағаналының төрт босағасы» атанған төрт бидің бірі Бабыр Бөкеншіұлының шапанын Қарағанды облысындағы Жезді кентінің Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайына баба ұрпағы Дәметкен Әнеқызы 1991 жылы тапсырыпты.
Руханият • 27 Ақпан, 2020
Нұр-Сұлтан қаласында ерекше «дәрігерлердің» қабылдауы өтті. Халықаралық әлеуметтік теңдік күніне орай «Біз теңбіз» деген атпен ұйымдастырылған ашық есік күнінде «Қасиетті жол» оңалту орталығында ем алып жатқан балалар бейінді маман ретінде қонақтарды қабылдады.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Тәубахан Оңалхан – атамекенді аңсап Моңғолиядан келген қандасымыз. Қазір ол Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында тұрады. Өзінің айтуынша, анадан туғанында екі аяқ, бір қолы болмапты. Жалғыз қолдың өзі де сау емес: бар-жоғы үш саусағы ғана бар...