Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Жуықта Төр Алтайдың баурайында зиялы қауым өкілдері бас қосты. «Шығармашылық-ақпараттық» кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейінгі үндеуі халыққа түсіндірілді. Кездесудің екінші бөлімінде ақындар өлең оқып, шығармашылық тақырыпта ой өрбітті.
Әдебиет • 24 Ақпан, 2022
Өлеңге дүниедегі өлшемнің бәрі де сыяды. Ақынның бойындағы барлық қасиет өлеңнен көрініс табады. Әдетте көп жұрт ақындарды тәкаппар келеді деп ойлайды. Алайда өлеңдегі тәкаппарлықтың жөні бір басқа. Әркімге соқтығу, өзінен басқаны көзге ілмеу, өзін өзгелерден биік санау бәлкім тәкаппарлық емес, тасырлық болар.
Руханият • 24 Ақпан, 2022
Ақылды, білімді адамдар әлеуметтік желіге жолай қоймайтын көрінеді. Өмірден өз керегін тапқандар, уақытын текке өлтіргісі келмейтіндер солай болса керек. Бұған қарап желіде желдеп жүргендер ақымақ деуден аулақпыз және. Дамыған Батыс жұрттары ғаламтор кеңістігіндегі ызы-қиқы бұл әлемді «әркім ойына келгенін лақтырып кететін қоқыс орнына» балайды деседі. Солайы солай-ақ болсын, алайда қоғамдық даму сатысында мүдделес ел белгілі бір деңгейге жетуіне бұл да сеп деген ойдамыз.
Руханият • 24 Ақпан, 2022
Сонау бір қатыгез ғасырда, сонау бір сұрқай жылы, айналасын тау қоршаған алақандай бір ауылда, тастарды бір-біріне сүйеп тұрғыза салғандай тоқал там тұрыпты деседі. Ауыл шетіндегі сол үйдің жалғыз терезесі болған екен. Сол терезеге жақындап барып қарауға жан баласының батылы жетпесе керек.
Өнер • 24 Ақпан, 2022
Актер, Қазақстаннның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Нұрлановты көпшілік өткен ғасырдың соңғы онжылдығында түсірілген режиссер Сламбек Тәуекелдің «Батыр Баян» фильміндегі Ноян рөлі арқылы жақсы таниды. Аяған Шәжімбайдың «Жансебіліндегі» Мұқатайдың жас кезін кемеліне келтіре кейіптеген әртіс шеберлігі де көрермен есінде жатталған. Сол секілді «Айдай сұлу Айсұлу» кино туындысындағы кейіпкерін де оңай ұмыту мүмкін емес. Ал театрда тудырған бейнелері туралы әңгіме тіпті бөлек.