Тарих • 25 Ақпан, 2019
Қазақстан және Араб Әмірліктері әйелдері: Цифрлы бизнес бағдары
Биылғы ақпанда Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова бастаған Қазақстан делегациясы Біріккен Араб Әмірліктеріне барып қайтты.
Балық шаруашылығының бағы жана ма?
Балық шаруашылығы – Маңғыстаудағы байырғы шаруашылықтың бірі. Ашқұрсақ кезеңдерде, алмағайып замандарда күнелту қамын күйттеген тұрғындардың теңіз жағалауында балық аулап, оны өңдеп, ас ретінде, сондай-ақ оның майын, сүйегін тұрмыстың өзге де қажеттіліктеріне жаратқаны мәлім.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2019
Бас басылымның ғасырлық тойы Абай елінен басталды
«Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің 100 жылдық мерейтойы қасиетті Абай елінен, алаштың рухани астанасы Семей шаһарынан, ұлылар туған топыраққа, ұлт қайраткерлерінің ізі қалған қастерлі өлкеге тағзым етуден басталды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2019
Отандық «ақыл-ой орталықтары» бәсекеге қабілетті ме?
Ағылшынның think tank сөзін «ақыл-ой орталықтары» деп аударып жүр. Жалпы think tank деп белгілі бір тақырыпты зерттейтін, кейбір мәселелер бойынша үкіметке, президентке ақыл-кеңес беретін орталықты не институтты атайды. Көбіне бұл саяси не экономикалық сұрақтар бойынша зерттеулер даярлайтын сарапшылар тобы. Бүгінде олардың қаншалықты маңызды екенін «ақыл-ой орталықтарының» саны айтсын. Мәселен, АҚШ-та мұндай орталықтың қатары 1872-ге жеткен, Қытайда – 512, Британияда – 444, Үндістанда – 293, Қазақстанда 30-дан асады. Алайда, отандық зерттеу орталықтары жұмысының тұрақтылығы, сараптама сапасы әртүрлі деңгейде. Оның бірнеше себебі бар.