«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі өз мәресіне жетті! Биылғы байқаудың ерекшелігі сол – салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойына арналды. «Қазмедиа орталығының» концерт залында өткен телеөнер тойына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғам қайраткерлері, қазақ телевизиясының ардагерлері мен журналистер, эстрада әншілері қатысты.
Ресей президенті сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Ресей Федерациясының қазіргі президенті Владимир Путин сайлаудың бірінші кезеңінде 73,9% дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды сайлаушылар арасында сауалнама жүргізген Бүкілресейлік қоғам пікірін зерттеу орталығының (БҚПЗО) өкілдері.
Экономика • 19 Наурыз, 2018
Астана процесі: бір жылдағы жұмыс нәтижесі
Елордада Сирия дағдарысын реттеуге арналған Астана процесі аясында кепілгер елдердің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Иран, Ресей және Түркия мемлекеттерінің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары өткен жылдың қаңтар айынан бергі аралықта Сириядағы ахуалды реттеуде нақты қол жеткізілген нәтижелерді талқылады, алдағы уақытта атқарылатын үшжақты іс-қимылдарды белгіледі.
Руханият • 19 Наурыз, 2018
Сөйлеу мәдениетінің асыл қырлары – әдептілік, әсемдік, әуезділік, әсерлілік. Ойлау мен сөйлеу үдерісі тектес, сабақтас құбылыс болғандықтан, топ алдында суырылған шешеннің салыстырып, ұқсатып сөйлеуі ой тереңдігін, өмір тәжірибесінің молдығын көрсетсе, екіншіден, тапқыр, өткір, ересен теңеулеру мен меңзеулері тыңдаушының ойын, қиялын, дүниетанымын, ғибратпен толықтырады.
Қазақстан • 19 Наурыз, 2018
Алтын көрсе, жолдан таймас азаматтар баршылық
Қоғамды ізгілендіру – ауқымы кең ұғым. Оның ішкі өзегіне терең үңілер болсаңыз, елдің бірлігіне, қоғамның түрлі дерттерден арылуына тікелей әсер ететін адамгершілік қағидаттарының, имандылық үрдістерінің, жекелеген тұлғалардың сыйластыққа құрылған өзара байланыстарының мән-маңызын анық аңғарасыз.