Коронавирус • 27 Наурыз, 2020
Індетпен күрестегі Қытай тәжірибесі
Жаһанды дүрліктіріп, адамзатты күйзелтіп отырған коронавирус пандемиясын ауыздықтап, оның бетін қайтаруда жақсы нәтижелер жоқ емес. Ақпараттық кеңістікте тілсіз жаудың тілін тауып, оны еңсеруде қол жеткізілген табыстар туралы мәлімдемелер жариялана бастады. Мәселен, пандемияның бастапқы ошағы болған Қытай елі «құмырадан шығып кеткен жыннан» бетер вирустың екпінін басуда әжептәуір іс тындырған көрінеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Гэн Липиннің әңгімесі төмендегідей.
Руханият • 27 Наурыз, 2020
Қаншалықты қисынды екенін қайдам, қазіргі біздің қоғам «қазақты не құртады?» деген қыңыр сауалмен бас қатырып, қызылкеңірдек болып қырқысып жатады. Ортаға осындай сұрақ тасталғанда таласып, тартысып отырып, жіпке тізгендей талай кертартпа кем-кетігіміз түгенделіп қалады. Таяқтың бір ұшы тоқмейіл пейілді тәубешілдігімізге келіп тиеді.
Тарих • 27 Наурыз, 2020
Екінші дүниежүзілік соғысқа сандаған қазақ офицер-ұшқыштың қатысқаны тарихтан белгілі. Ал бізге олардың көшін бастап тұрған әйгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновпен тұстас бірнеше ұшқыштың ғана аты-жөндері таныс. Көпшілігін біле бермейміз. Есімдері мен ерлік істері аз айтылып келген ұшқыштардың бірі – Рашид Нұрсұлтанұлы Бекетов.
Руханият • 27 Наурыз, 2020
Төлеби ауданы, Леңгір қаласы, Таскешу елді мекенінде тұратын Рысмет Жұмағұловтың үйін бірден таптық. Ардагердің 9-сыныпта оқитын немересі Наурызбай бізді көшеден қарсы алды. Жүз жастағы ақсақалмен жүздескенше асыққанымыз рас.
Тарих • 27 Наурыз, 2020
Бес баласын соғысқа аттандырған әулет
Біз Ұлы Жеңіс деп атайтын қасиетті күннің тасасында талайлардың кермек тағдыры жатыр. Қазақ жерінде боздағын майданға аттандырмаған әулет жоқ. Тұтқиылдан тұтанған соғыс өрті Шоқан молданың шаттығы мол шаңырағының да шырқын бұзды. Сайдың тасындай бес ұлын майдан даласына аттандырған қария хабарсыз кеткен қос перзентін өмірінің соңғы сәтіне дейін зарыға күткен.