Аймақтар • 20 Наурыз, 2021
Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауран ауданын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Кезінде ірі сауда орталығы негізінде құрылып, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы Түркістан ұғымымен біте қайнасып жатқан ортағасырлық Сауран қаласы атауының жаңа ауданға берілуін түркістандықтар Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елді қуантқан ерекше оқиғаға балауда. Халықтың көбейіп, жаңа ауданның құрылуын ел Тәуелсіздігінің жемісі санайды.
Қоғам • 20 Наурыз, 2021
Көктемгі күн мен түннің теңеліп, жалғанда жарық көбейе бастайтын Наурыз мерекесін батысқазақстандықтар 14 наурызда «Көрісу айтымен» бастап кететіні белгілі. Бұл күннің негізгі атрибуты – елдің үлкеніне, ауылдың ақсақалына арнайы барып сәлем беріп, ақ батасын алу.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2021
Жылжымалы кешен ауылдарды аралайды
Облыс орталығынан шалғайда жатқан Катонқарағай ауданының тұрғындары жылжымалы медициналық кешенде толық тексеруден өтті. Мұндай мүмкіндік күнделікті бола бермейтіндіктен, денсаулығына алаңдаған ауылдағы ағайындардың қатары көп болды.
Қоғам • 20 Наурыз, 2021
Ұлттық халық санағы: ұпай түгенделетін тарихи сәт
Алдағы күз айларында тұтас бір мемлекеттің ішкі болмыс-бітімі, халықтың тыныс-тіршілігі таразыға тартылатын тарихи сәт күтіп тұр. Олай дейтініміз, он жылда бір рет өткізілетін Ұлттық халық санағы еліміз егемендік алғалы бері осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Үш он жылдықта жеткен жетістігіміз болса, жіліктеп жіпке тізетін, кеткен есеміз болса, кері бұрылып кем-кетігін айқындап алатын сәт бұл. Әрине, халқымыздың барын бағамдайтын бұл санақ өз дәстүрінен жаңылмағанда осыдан тура екі жыл бұрын қолға алынып, нәтижесі сарапталуы тиіс еді. Алайда түрлі себептерге байланысты бұл жұмыс алдымен 2020 жылға, кейін пандемияның кесірінен 2021 жылға шегерілді. Осылайша, ұпайымыз түгенделетін Ұлттық санақты өткізудің сәті биыл келген секілді. Жалпы, халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде халықтың демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпыұлттық статистикалық сараптау саналғанымен, оның ауқымы әлдеқайда кең. Себебі санақтың қорытындысы есеп-қисап үшін ғана емес, ең алдымен мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау, басқарушылық шешімдер шығару үшін қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің үшінші отырысында Ұлттық санақты ұйымдастыру мәселесін айта келе, халық санағы тұрғындардың нақты санын, оның жас және гендерлік құрамын, урбанизация деңгейін, табыс көлемі мен басқа да маңызды талдау деректерін анықтап, тексерілген әрі дәйекті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Сондықтан мәнге де, мазмұнға да бай бұл науқанға біржақты қарауға болмайды.Келелі іске дайындық барысы да кеңінен қолға алынып жатыр. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша осы Ұлттық санақты ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен айналысатын арнайы комиссия құрылды. Бұл ретте «Egemen Qazaqstan» газеті елді елең еткізген ендігі науқан алдында дөңгелек үстел ұйымдастырған еді. Оған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Нияз Көшкімбаев, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының ғылыми қызметкері, әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова қатысып, орамды ой-пікірлерін ортаға салды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2021
Өткен тарихымызды біліп, болған оқиғалардың уақыт нақтылап, көне қолжазбаларды зерттеумен айналысатын адамдар үшін «Хижра» жыл есебін, біз қолданатын «Григориан» жыл есебіне айналдыру тәсілін білуі өте қажет.