Елорда енді Нұр-Сұлтан деп аталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос палатасы мен Үкімет мүшелерінің алдында Астана қаласының және еліміздегі облыс орталықтарының негізгі орталық көшелерін еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы ұсыныс жасаған болатын.
Студенттер арасында өткен «Деларук Horecas-2019» жас аспазшылар халықаралық байқауының арт-шығармалар аталымында жүзден жүйрік шыққан Алматы экономика колледжінің 2-курс студенті Меруерт Шайых қазылар алқасын өзінің ерекше туындысымен таңғалдырды. Ол әйгілі француз суретшісі Ван Гогтың «Күнбағыс» картинасын тоғыз түрлі дәнді дақылды пайдалана отырып бедерлеп шыққан.