Пікір • 20 Наурыз, 2023
Парламентте жастар болуы керек. Бастысы, сол алаңда жылтыр сөздермен емес, ұтымды ұсыныстарды айтып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосқаны абзал. Жастары бар елдің – болашағы бар. Жастар елімізді гүлдендіреді, жандан-дырады.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Абай облысында сайлау күні сән-салтанаты жарасқан түрлі іс-шаралар көп ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы тарихи сәтте Қыдыр ата сайлаушыларға ақ батасын беріп, үміткерлерге сәттілік тіледі. Сайлау күні тіркелген елеулі оқиғалар да болды.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, сайлау күні Астана уақытымен сағат 18.10-да Ақтөбе облысындағы сайлаушылардың 56,88 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл күні 562 мың 590 ақтөбелік 525 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Соның ішінде жасы 18-ге толған 3 579 азамат биыл тұңғыш рет дауыс берді. Өңірдегі ең жасы үлкен сайлаушы – 109 жастағы Шалқар ауданының тұрғыны Зиба Келімбетова.
Сайлау • 20 Наурыз, 2023
Қарағанды облысындағы 654 сайлау учаскесі таңғы жетіде ашылып, дауыс беру тәртіпке сай уақтылы басталды. Аймақта 700 мыңнан астам сайлаушы бар. Оның арасында, бірінші рет дауыс беруге келген жастың саны – 13 мыңға жуық.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2023
Әділетті Қазақстанға нық қадам
Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанына жамбылдықтар да белсенді қатысты. Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі 499 сайлау учаскесі бойынша тіркелген 717 090 сайлаушының жартысынан астамы түс әлетіне дейін таңдауын жасап үлгерді. Ал сағат 16:00 шамасында дауыс бергендердің үлесі 64 пайыздан асып жығылды.