Пікір • 20 Наурыз, 2023

Ұтымды ұсыныстар күтеді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламентте жастар болуы керек. Бастысы, сол алаңда жылтыр сөздермен емес, ұтымды ұсыныстарды айтып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосқаны абзал. Жастары бар елдің – болашағы бар. Жастар елімізді гүлдендіреді, жандан-
дырады.

Ұтымды ұсыныстар күтеді

Жастар Отанды тілмен емес, жүрекпен сүюі керек. Бұл сайлауда қаншама белсенді жастар кандидат ретінде тіркеліп, елінің болашағы үшін аянбай тер төгуге дайын екендерін білдірді.

Жалпы, сайланатын депутаттар куә­лігін алған соң өздерін кім сайлағанын ұмытпауға тиіс. Үгіт-насихат кезеңінде ел алдында айтқан сөздерін, уәделерін орындауға күш салуы керек.

Соңғы уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, кез келген салада реформалар жүзеге асып жатыр. Саяси реформалар бір бөлек, өзіме жақын қорғаныс саласында жаңашылдықтардың орын алуын қолдаймын. Жасыратыны жоқ, окопта болмаған, қолына автомат ұстап көрмегендер кабинетте отырып реформа әзірлеуге шебер. Бұл шаруамен өз ісінің мамандары айналысуы қажет. Парламентке қарасам, бір генерал жоқ. Қысқасы, Парламентте өз саласын жетік меңгерген азаматтар отыруға тиіс.

 

Бақытжан ЕРТАЕВ,

Халық қаһарманы, генерал-лейтенант