Хоккей • 11 Наурыз, 2022
Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынаған елорданың «Барысы» үшін биылғы маусым аяқталды. Гагарин кубогы жолындағы плей-офф кезеңінде өнер көрсеткен қазақстандық команда бес ойынның қорытындысы бойынша «Металлургтен» 4:1 нәтижесімен жеңіліп қалды.
Әдебиет • 11 Наурыз, 2022
Оқиғалар көшіндегі көркем естеліктер
Тұтас қоғамның тамырын тап басып, талғамын тани қою қиын. Бірақ сол қоғамда сан түрлі кейіпкерлердің өмір сүріп отырғанын білеміз. Өмір дегеннің де ақ пен қараның, жеңіс пен жеңілістің, ұмтылу мен сүрінудің баяны екенін күнделікті тіршілік көрсетуде. Пенденің ғұмыры да, ой-қиялы да есте жоқ ескі кезеңдерден басталып, аяқ жағы көз емес, көңіл ғана жететін алыс болашаққа қарай жетелей береді. Египет жазушысы Нагиб Махфуздың «Біздің көшенің аңыз-әпсаналары» романында да сол пенде-ғұмырдың осындай бір көріністері баяндалады. Каирдің ең ескі махаллаларының бірі Ғамалийеде туған қаламгер де сонау ежелгі заманнан бастап, алыс болашаққа қарай ой сапарын шегеді. Көркем шындық пен қиялды қатар өреді.
Ғылым • 11 Наурыз, 2022
Ғарыштық технологияларды игеруге жол ашады
Ғарыш кеңістігін зерттеу, салаға мамандар даярлау ісі – ғылымдағы басты бағыттардың бірі. Ал заманауи білім беру үрдісін жаңа технологиялармен ықпалдастыру – ғарыш ғылымын игерудегі бірегей мүмкіндік.
Қоғам • 11 Наурыз, 2022
«Жанұя» көмек те, кеңес те береді
Әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдау және жалпы елорда тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында 2019 жылы Нұр-Сұлтан әкімдігі жанынан «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Мекеме директоры Әсемгүл Садыр онлайн брифингте осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстар туралы және орталықтың азаматтарға маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қалай көмектесетіні туралы айтып берді.
Қоғам • 11 Наурыз, 2022
Isker ana бағдарламасы – жеке кәсіп ашуға мол мүмкіндік
Алматыда мұқтаж отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында құрылған «Бақытты отбасы» орталықтары қиын жағдайда қалған жандарға көмек беріп, білім алып, қажетті кеңестер беруде кәсіби алаң қызметін іске асырып келеді. Бүгінде оңтүстік астанада 9 орталықтың жұмысы жолға қойылған. «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зульфия Байсақова осы бағытта атқарылып жатқан шаралардың барысы жайында айтып берді.