Халық • 07 Наурыз, 2023
Баспанамен қамту – қашанда өзекті мәселе. Жетісуда кезекте тұрған халықтың қарасы көп. Мәселен, іргедегі Ескелді ауданында 1 300-ден аса адам пәтерін күтіп отыр. Жақында Қарабұлақ ауылында 60 пәтерлік көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Бірақ бұл мәселені толықтай шеше алмасы анық. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңір тұрғындарымен кездескенде осы түйткілге ерекше тоқталды.
Қоғам • 07 Наурыз, 2023
Дімкәс жандарға дұрыс күтім жасауды үйретеді
Астанада Qoldau консультациялық орталығы ашылды. Бұл – қамқорлыққа мұқтаж адамдарға ұзақ мерзімді күтім жасайтын екінші орталық. Біріншісі 2021 жылы Алматыда ашылған еді. Мұндай бастама Польша, Литва, Ресейде және Еуропа елдерінің тәжірибесінде бар.
Сұхбат • 07 Наурыз, 2023
Қорғаныс саласы қазақша сөйлейді
Қорғаныс саласында да қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін қомақты жұмыс жасалып жатқаны анық. Осы бағытқа өз қызметін арнап, үздіксіз еңбек етіп келе жатқан жанның бірі – Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаменті лингвистикалық сараптама басқармасының басшысы, полковник Айнұр Оразғалиева. Мемлекеттік тілдің дамуына жауапты маманнан әскери саладағы қазақ тілінің жай-күйі туралы сұрап білген едік.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2023
Сол кездесуде айтылған әсерлі де ауыр, мұңды да мағыналы, өміршең де өнегелі әңгімелер әлі күнге дейін ойымнан кетер емес. Көктемнің алғашқы хабаршысындай, тоңы жібіп үлгермеген қара жерді жарып шығатын бәйшешек гүлін қызықтаған, көктемі ерте шығатын біздің өлкенің бойжеткендерін көріп те сол кездесу еске түскен-ді. Тағдыры талайлы жас жазушы туындысын неге «Бәйшешек» деп атады деген сұрақ та маза бермеген.
Музей • 07 Наурыз, 2023
Қазақ поэзиясында өршіл, өміршең өлеңімен Алаш жұртын баураған Төлеген Айбергеновтің шығармашылығы қазір исі қазаққа таныс. Айбергенов десе, көптің жадында айдарынан жел ескен сұрапыл, сұңғыла ақынның бейнесі жаңғырады...