Пікір • 30 Наурыз, 2022
Қарт қаланың тамырына қан жүгіреді
Семей – қазақтың тарихи, рухани қаласы. Кешегі Кеңес заманында өндірістік қала болғаны да баршаға аян. Ең өкініштісі, 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысымен біріккен соң өндірістік орындары жабылып, тұрғындарының бірі басқа жаққа ағылды, енді бірі жұмыс таппай сабылды. Қысқасы, осы уақыт ішінде Семейдің көсегесі көгере қойды дей алмаймыз. Мүмкін саяси жағынан, жалпы Шығыс өңірі өңірі үшін тиімді болған да шығар, ол жағын дөп басып біз айта алмаймыз.
Пікір • 30 Наурыз, 2022
Адам құқығын қорғаудың ең жоғары тетігі
Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтқан Конституциялық сотты құру туралы ұсынысы – Жаңа Қазақстан үшін маңызы жоғары жаңалық. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болып, ХІХ ғасырдың 60-жылдарына қарай 80-ге жуық елде салтанат құрып үлгерген бұл институт бүгінде демократияның ажырамас белгісі ретінде қаралады.
Пікір • 30 Наурыз, 2022
Presseportal.de: Саяси еркін бәсекелестікке жол ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ұсынған Жолдауында ауқымды реформалар туралы ашық айтты. Оның сөзіне қарағанда, Жаңа Қазақстан тек адал және еркін саяси бәсекелестік жағдайында қалыптасады. «Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдыра аламыз», деді Президент Қ.Тоқаев.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2022
Түркістанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің отырысы өтті.
Пікір • 30 Наурыз, 2022
Мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланған абзал
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселесі орнықты баяндалып, «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстану арқылы мемлекетті демократияландыру үдерісіндегі Президенттің өкілеттілігін қысқарта отырып, Парламенттің төменгі палатасының құзыретін жоғарылату елдің тұрақты жан-жақты дамуына әкеліп, ішкі саяси тұрақтылықты сақтайтыны сөзсіз.