Кеше үшінші кезең ойындары өтті. Бұл межеде АТР рейтингінде 33-орынды иеленіп отырған Александр Бублик норвегиялық Каспер Руудпен күш сынасты. Небәрі бір сағатқа созылған сайыста әлемнің сегізінші ракеткасының үстемдігі еш күмән туғызған жоқ – 6:3, 6:2. WTA тізімінде 18-орынға жайғасқан Елене Рыбакина аталған рейтингте өзінен үш саты төмен тұрған америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасты. Бұл тартыс АҚШ өкілінің пайдасына шешілді – 6:3, 6:4. Еліміздің тағы бір белді теннисшісі Юлия Путинцева Паула Бадосамен кездесті. Қазіргі кезде испаниялық ойыншының қарқыны өте күшті. Былтыр Аустралияның ашық біріншілігі мен Уимблдонда төртінші кезеңге дейін жетіп, биыл Ролан Гарростың ширек финалына шыққан Бадоса сол табысының арқасында әлемдік рейтингте алтыншы орынға көтерілді. Бұл межеде Путинцеваны жолынан ығыстыру оған еш қиындық туғызған жоқ – 6:3, 6:2.
Алғашқы айналымдарда қарсыластарын қапы қалдырған үш жерлесіміз де АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің бел ортасына жетпей сүрінді.
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 19:55
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Спорт • Бүгін, 18:00
Көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:39
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
Оқиға • Бүгін, 17:15