Спорт • 29 Наурыз, 2022

Азия чемпионатына аттанады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов сәуір айының екінші жартысында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатында белдесетін балуандардың есімдерін атады.

Азия чемпионатына аттанады

Аталған жарыста еліміздің бес бірдей белді балуаны боз кілемге шыққалы отыр. Олар – Сырбаз Талғат (70 кило), Нұрқожа Қайпанов (74 кило), Азамат Дәулетбеков (86 кило), Әділет Даулынбаев (92 кило) және Әлішер Ерғали (125 кило). Бұлардың барлығы да біраз жылдан бері халықарлық аренада Қазақ елі намысын абыроймен қорғап, елеулі табыстарға қол жеткізіп жүр. Атап айтсақ, Сырбаз – Азия чемпионы, жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Нұрқожа – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы. Азамат – Азия біріншілігінің күміс және қола жүлдегері. Әділет Азия ойындары мен құрлық чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілген. Ал Әлішер – Азия чемпионатында үш мәрте жүлдегерлер қатарына қосылған сақа спортшы.

Сондай-ақ Азия чемпионатында Рахат Қалжан (57 кило), Ақбар Құрбанов (61 кило), Санжар Досжанов (65 кило), Жігер Зәкіров (79 кило) және Мамед Ибрагимов (97 кило) сынды балуандар күш сынасады.