Ахмет Байтұрсынұлы • 29 Наурыз, 2022
Қостанайдағы кітапханалардың бірінен белгілі ғалым Орынай Жұбайдың құрастыруымен 2017 жылы жарық көрген «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» атты еңбекті көзім шалып қалды. Көлемді еңбекте Ахмет Байтұрсынұлының 1914-1928 жылдар аралығында жарық көрген «Тіл – құралы» мен «Әдебиет танытқышы», тіл ғылымына қатысты мақалалары, баяндамалары, пікірлері, сондай-ақ орталық архивтен табылған бірсыпыра құжаттар берілген екен.
Қазақстан • 29 Наурыз, 2022
Билік пен қоғамның сенімді институты
Әкімшілік әділет дегеніміз не? Бұл бір жағынан азамат немесе ұйым, екінші жағынан мемлекеттік басқару органы арасындағы жариялы-құқықтық дауларды шешудің ерекше процестік тәртібі. Құқықтық институт ретінде әкімшілік әділет атқарушы биліктің лауазымды адамдарының заңдар мен ережелерді сақтауын қамтамасыз ету үшін қоғамда және мемлекетте сот бақылауы функциясын орындайды.
Қоғам • 29 Наурыз, 2022
Күре жол үстінде күн сайын болып жатқан жол-көлік апаттары кім-кімді де болсын ойландырмай қоймайды. Бір ғана деректі келтіре кетейік. Қаңтардың төрт күнінде жол-көлік апатынан 21 адам қаза болған. Төрт өңірде тіркелген қанды оқиғалар бір сәтте бірнеше отбасын жалмап кетті.
Қоғам • 29 Наурыз, 2022
Көктемнің әр күні жылға азық екенін жадына мықтап тоқыған ақмолалық диқандар жауапты науқанға жан-жақты дайындық үстінде. Биыл 5,1 млн гектар жерге тұқым сіңірілмек. Өткен жылмен салыстырғанда егістік көлемі 53,4 мың гектарға ұлғаймақ. Майлы дақылдар көлемі де 14,2 мың гектарға кеңейтілмек.
Әлем • 29 Наурыз, 2022
Украина-Ресей: Келіссөздер жүргізілуде
Ыстанбұлда Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің кезекті раунды басталды. Жиынға Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған да қатысты. Кездесу барысында атысты тоқтату, Ресей әскерін ел аумағынан шығару секілді мәселелер талқылануда. Ал Украинада ұрыс әлі де жалғасып жатыр.