Тұлға • 02 Наурыз, 2023
Ақтаңгер ақын, белгілі қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбайдың жыр кеші Қызылжар өңірінде жалғасты. Қазақтың қара өлеңінің сынын бұзбай, көркем лирикамен ұштастырған оның өлеңдерін қызылжарлықтар жақсы көреді.
Экология • 02 Наурыз, 2023
Маңғыстаудағы «Қошқар ата» қалдық қоймасы қашан және қандай себептерден пайда болды, аталған көлдегі улы қалдықтардың тұрғындар денсаулығына зияны қаншалықты? Осы тақырыптар төңірегінде газет бетінде бірнеше рет мәселе көтердік.
Спорт • 02 Наурыз, 2023
12 наурызда Жапонияның Осака қаласында жалауы желбірейтін кәсіпқой сумо күресі кілемінде тарихта қазақ балуаны белдеседі. Ол – Ерсін Балтағұл. Жапонша лақап аты – Кинбозан.
Бокс • 02 Наурыз, 2023
Әлемдегі саяси жағдайға байланысты туындаған әуесқой бокс төңірегіндегі дау қайта өрши түсті. Өткен айда бірқатар мемлекеттің бокс федерациялары қыздар (Үндістан) мен ерлер (Өзбекстан) арасындағы бокстан әлем чемпионатына қатысудан бас тартқаны белгілі. Соның қарымтасы ретінде бірер күн бұрын Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) Ресей мен Беларусь былғары қолғап шеберлерінің дүниежүзілік додада өнер көрсетуіне қарсы болған федерация басшыларына қатысты тәртіптік іс қозғады.
Спорт • 02 Наурыз, 2023
Соңғы жылдары әйелдер боксы жер-жаһанның әр қиырында қарыштап дамып келеді. Оған дәлел – былтыр Ыстанбұлда өткен дүниежүзілік додада 73 мемлекеттің өкілдері күш сынасты. Қатысушылардың жалпы саны 310 бұрымдыға дейін жетті. Сондай-ақ әр Олимпиада сайын қыздардың салмақ дәрежелері артып келеді. Ол аз десеңіз, олардың Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан алатын сыйақы мөлшері ерлермен теңесті. Қазіргі кезде бұл сома 2,4 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Сол себепті де жанкүйерлер наурыз айының бел ортасында Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде шымылдығы түрілетін әлем чемпионатын тамашаласақ деп айрықша қызығушылық танытып отыр.