Төтенше жағдай • 28 Наурыз, 2024
Солтүстіктің қалалары мен ірі елді мекендерінде қар көбесі сөгіліп, аулалар мен көшеде үйілген күресіндер жарқырап шыққан күннің қызуымен күннен-күнге шөгіп, азайып барады. Ауа температурасы – күндіз 5-6 градус жылы, 0, -5 градус аралығында. Шағын ауылдар мен даладағы қар сірескен бойы әлі мызғымай жатыр. Өзен беті де солай. Сондықтан Есілдің үстінен қызыл судың жүруі туралы ойлауға ерте.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Керекуде соңғы 10 жылда суретшілердің бірде-бір симпозиумы өтпепті. Қылқалам шеберлерінің республикалық және халықаралық деңгейге жетуі үшін мұндай іс-шаралар қажет-ақ. Алайда өңірде сурет өнерінің сүлейлерін қолдаудың аздығы байқалып отыр.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Әсия Бралина, Айшат Темірбаева, Дана Көптілеуова және Мерейлі Қараш қаржылық сауаттың маңызын түсіндіретін «Qarzhymen» комиксін әзірледі.
Технология • 27 Наурыз, 2024
Жаһанды дүрліктірген жасанды интеллектінің кернеуі күннен-күнге күшейіп келеді. Өз бетінше ойланатын роботтар көбейіп, барлық салада басымдық алғанына куә болып отырмыз. Тіпті біраз жұмыс орындарында адамдардың орнын алмастырып жатыр. Журналистер де бұл мәселеден алшақ емес. Жасанды зерде тілшілер қауымын өрге шығара ма, орға жыға ма? Сараптап көрдік.
Ұлттық спорт • 27 Наурыз, 2024
Көшпелілер ойындарына гидтер дайын ба?
Елімізде V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтетінін естіп, біліп жүрміз. Оған жүзден аса мемлекеттен 4 мыңға жуық ойыншы қатыспақ. Бұған қоса түркі әлемі көз тіккен іс-шараға туристердің де көптеп келетіні түсінікті. Осы орайда туристерді күтуге, жағдай жасауға, еліміздің көрікті жерлерін таныстыруға отандық гид қызметтері дайын ба?