Сайлау • 29 Наурыз, 2023
Жаңа жыл кірген тұста басталып, екі жарым айға созылған саяси кезең мәреге жетті. Күні кеше Мәжіліске өткен партиялар кімдерге мандат бұйырғанын хабарлады. Осылайша, жаңа сайланған төменгі Палатаның мүшелері толық анықталды. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бұл сайлау да, Мәжіліс мүшелері де бұрынғыдан өзгеше сипатта.
Мәселе • 29 Наурыз, 2023
Шабындық және жайылымдық жер жетпейді
Катонқарағай ауданының түкпіріндегі Берел ауылында жайылым мен шабындық жерлер тарылып бара жатыр. Оған себеп, жер телімі әу баста тең бөлінбеуі деседі тұрғындар.
Сұхбат • 29 Наурыз, 2023
Нұраға жайында айтар әңгіме көп
Қазақ музыка өнерін шырқау көкке көтерген «Отырар сазы» оркестрі ұлттың рухани жады іспетті. Ондағы әрбір әуен көз алдымызға кешегі бабаларымыздың жүріп өткен жолының жаңғырығын әкелді. Сол барлық аспаптың басын біріктірген виртуоз маэстро, даңқты композитор Нұрғиса Тілендиев еді. Жалғыз өзі қаншама музыканттың арманына қанат бітірді. Біз бүгін сол ғажайып шығармашылық топтың басы-қасында жүрген шәкірті, қобызшы, концертмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұрсынхан Қарақожаевамен тілдескен едік. Тілендиевтің «Қара қызы» атанған өнер иесі ұстазын сағынышпен еске алды. Халықаралық деңгейдегі мәдени шараларға белсене қатысып, ұлт өнерін таныстыру бағытында мол еңбек етіп жүрген Тұрсынхан Төкенқызы ұстазымен 14 жыл бірге жұмыс істеген. Қ.Байсейітов атындағы музыка мектебінің 11-сыныбында оқып жүргенде, мұғаліміне хабарласып «Қара қызды, маған шақыр» деп қолқа салады. Дарынын дер кезінде бағалаған ағаның алқауымен шынашақтай қыз «Отырар сазы» оркестрінің бір бөлігіне айналады. Осылайша, сол үлкен ансамбльде 16 жыл қызмет етеді.
Ғылым • 29 Наурыз, 2023
Хорезми, Гаспар Монж және қазақ оқулығы
Жоғары техникалық мектепте классикалық міндетті пән саналған сызба геометриясы бүгінде күрделі жағдайды бастан кешіп отыр. Бұл сала білім алушының кеңістікте ойлау қабілетін қалыптастырып, дамытып, сауатты сызуға баулыса, өкінішке қарай, қазіргі техникалық мамандықта оқитын студенттер сызбадан өте әлсіз. Себебі орта мектепте сызу пәні, ал жоғары оқу орындарында сызба геометрия өтпейді. Болашақта өндірісте жұмыс істейтін мамандар бұларсыз қалай жетілмек?
Үкімет • 28 Наурыз, 2023
Мәжілістің VIII шақырылымы: Депутаттар тіркелді
Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымы депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Парламент Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан отырыс ОСК интернет-ресурсында көрсетілді.