Спорт • 01 Наурыз, 2021
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордадағы қысқы Триатлон паркінде триатлоннан дәстүрлі «Супер спринт» қашықтығы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында жеке жарыстың республикалық турнирі өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен додада еліміздің әр өңірінен келген 200-ге жуық спортшы бақ сынады.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2021
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Бір отбасы түгел дерлік, айдың-күннің аманында ажал құшты. Кінәлі кім? Ауа райының күрт суығанын айтушылар бар, көшеге келіп тұрған «көгілдір отынды» үйге кіргізудің қиындығы мен қымбаттығын алға тартушылар да жоқ емес, газ тартатын мердігерлердің мейірімсіздігі де, пештен болған ақау да айтылуда... Кінәлі немесе қайғылы оқиғаның себебі анықталар. Бірақ...
Әдебиет • 01 Наурыз, 2021
Кейде бізді әлдеқашан байлап-матап тастаған цифрлар цивилизациясы ең соңында әріптер әлемін жұтып барып жай табатындай крінеді. Бейнелеп айтсақ, арыстан жал жас толқындар кәрі жартасты жағасынан алғандай аласапыран уақыт. Бірін-бірі жалмап, жұтып қойғысы келіп жанталасқан технологиялар тартысы кім-кімді құрдымға сүйрелеп жатқанын біліп болмайсың. Алайда сол толқындар кәрі жартасты олардың емес, түптің-түбінде үздіксіз тамып тұрған титімдей тамшы күл-талқан қылатынын ешқашан сезбейді.
Руханият • 01 Наурыз, 2021
Мың жолдың ішінен тура жолды таңдау – кездейсоқ тапқырлық немесе сәуегейлік емес. Бұл – адамның болмысы мен тілегінің, мінезі мен тағдырының үйлесуіне қатысты тылсым дүние. Осы ретте ақиқатты темірқазық ету дос пен дұшпанды айыруға көмектеседі.
Руханият • 01 Наурыз, 2021
Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Америка инженер-механиктер қоғамының мүшесі, механизмдер мен машиналар теориясы және робот-техникалар жүйесі механикасының әлемдік деңгейдегі маманы, бес рет Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланған Өмірбек Жолдасбековтің тұла бойы тұнып тұрған дарын еді.