Мың жолдың ішінен тура жолды таңдау – кездейсоқ тапқырлық немесе сәуегейлік емес. Бұл – адамның болмысы мен тілегінің, мінезі мен тағдырының үйлесуіне қатысты тылсым дүние. Осы ретте ақиқатты темірқазық ету дос пен дұшпанды айыруға көмектеседі.

Оң мен солды теңгере білетін қайраткерлік көбінесе қоғамдық жұмыстарда байқалады. Осы қарапайым қағиданы жастар жағы көп біле бермейді, білсе де іске келгенде бөгеледі. Кез келген ортада сөзімен, парасатымен көзге ілінген адам көпке жол көрсетуді пешенесіне жазылған парыз, өзіне бұйырған борыш санайды. Жас кезінен мұндай сенімге ие болу есейе келе дағдыға айналады, өтініш жасағанды, қолқа салуды тоспайды. Жауапкершіліктің жүгін сезінген соң ол ұзақ ойланып жатпайды, барша іске бірден бел шешіп кіріседі. Оған, әрине туа біткен мінез керек.
Сонау бала кезінде Шымкенттегі Қарсыбай Сыпатаев мектебінде оқып жүргенде-ақ алғырлық, өжеттік, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиетімен танылған Өмірбек Жолдасбековті әлемдік деңгейдегі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері дәрежесіне жеткізген де туабітті қайсарлығы және талабы деуге болады. Шындығында, балалар арасындағы абыройы мұғалімдердің ынта-пейілін аударса, оқушылар комитетіндегі төрағалығы думанды, мағыналы кештердің шырайын ашты. Сөйтіп ол зеректігімен, талантымен, тапқырлығымен тұтас мектепті алға сүйреді. Осы қасиеті студент кезінде сараланып, еңбекке араласқанда бел-белеске көтерді. Ал Политехника институтындағы проректорлық, КазМУ-дегі ректорлық лауазымы, алты дүркін халық депутаты болуы, соның ішінде Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметін атқаруы бірсыпыра аңыз-әңгімеге, елдік-жасампаздық өнегеге ұласқанын зиялы қауым тегіс біледі.
Бүгінгі тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақытында қазақ тілін қорғауда бұрын-соңды өзінен басқа адам болмағандай сөйлейтіндер көбейіп тұрғаны белгілі. Қылышынан қан тамған Кеңес заманында еңбегін бұлдамай-ақ, ұлтының қанымен, жанымен бірге жасайтын ана тілін ардақтап, ұлтты дамытуға айғайламай-ақ үлес қосу – Өмекеңдер дәуірінің намысты ісі, азаматтық парызы еді. Қазіргі ұрпақ мәселенің осы жағына бұрылып қараса, тарихтан тәлім алар еді.
Өткен ғасырдың 60-70 жылдары үшін қазақ тілінде күрделі сала – механика мен машиналар теориясы яғни машинатану терминдеріне ана тілінде түсініктеме жазу, оларды түпнұсқадан тәржімелеу – қиынның қиыны болатын. Өмірбек Арсланұлы осы ғылым саласы бойынша екі сөздік, тұңғыш оқу құралы мен оқулық шығаруы – нағыз ерлік, шын еңбек еді. Сол кезде де заманының құлы болып, барлық салада өз тіліне қызмет етуден жерініп, ұлтын менсінбейтіндер болған. Қазір де, өкінішке қарай, жоқ емес. Заманында «қазақ тілі – ғылымның тілі бола алмайды» дегендерге ісімен нақты жауап берген Өмірбек Арсланұлы білікті инженерлерді тыңғылықты даярлауды, озық елдермен теңесу мүмкіндіктерін бүгінгі ізбасарларына аманаттап кетті. Ректорлық мансабы мен жоғары білімді ұйымдастыру қабілеті орайымен үйлескен ғалым талантты студент жастарды дер кезінде тауып, жалықпай тәрбиелеудің жөн-жобасын көрсетіп кетті. Қаншама шәкірттің жолын ашты.
1970 жылы 39 жастағы Өмірбек Жолдасбековтің сол кездегі Қазақстанның жалғыз университетіне ректор болып тағайындалуы сенім мен жауапкершіліктің, батылдық пен намыстың көрінісі-тін. Мұнда бірден «Биофизика» оқу-өндірістік бірлестігі, тәжірибелік биоклиника, түрлі конструкторлық бюролар, робот жасау орталығы құрылып, өз заманындағы инновацияның қазаны бұрқ-сарқ қайнап жатты.
Әрине Ө.Жолдасбеков туралы көп айтуға, жазуға болады. Бірақ оның атын тарихта мәңгіге қалдырған бір белгі яки тарихи қолтаңбасы, тіпті ректорлық қызметінің дара шыңы ҚазМУ қалашығының құрылысы. Тәжірибелі басшы әуелі «Университетстрой» арнайы құрылыс-монтаждау басқармасын, жеке студенттік құрылыс отрядын құрып, күн демей, түн демей оқу кешенінің алғашқы бөлігін салып бітірді. Екі даңғылдың арасын қосып жатқан, бір жағынан Есентай өзені, екінші жағынан Ботаникалық бақ қоршаған жасыл аумақ қала ішіндегі ғажайып қалаға айналды.
Ел басшылығы қай кезде де үлкен істі үлкен жауапкершілігі бар адамға тапсыратыны белгілі. Оны ұйымдастыру, өзіне де, әріптестеріне де талап қоя білу, әділдік, мамандар мен студенттердің тілегіне құлақ асу, әрдайым көмек қолын созу сияқты тұлғалық қасиеттері сол шақта бүкіл елде де, ұжымда да Өмірбек Жолдасбеков абыройын биікке көтергені анық. Студенттердің ізденісіне еркіндік беру, ғылыми-зерттеулерді, оқытудағы жаңа әдістемелерді ұдайы қолдау, спортта, өнерде жетістікке жеткен жастарды жүйелі көтермелеу есімі де, қызметі де тарихта қалған арыстан жүрек азаматтың Құдай дарытқан қасиеті еді. Міне, осы сапа, осы қолдау жастарды 1986 жылы желтоқсанның аязында бас алаңға алып шықты. Азаттықтың қарлығаштарының елге, ұлтқа, кәсіпке, болашаққа адалдығы – тарих тегершігін дұрыс бағытқа бұрды.
Бүгінгі Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежіресі тұрғысынан қарасақ, сол кездегі талап қоғамның саналы бөлігіне ой салып, жаңару үдерісін бастатады. Ежелден еркіндікті аңсаған ата-баба рухымен сусындаған, намысты қолдан бермеген, қымбатымызды аялаған ұрпақтар сабақтастығын сақтау әрдайым маңызды.
Дархан МЫҢБАЙ,
Мәжіліс депутаты
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық жобалар қалай бағаланады?
Қазақстан • Кеше
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстан • Кеше
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Қазақстан • Кеше
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Аймақтар • Кеше
Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Қаршадай балаға қанат бітірген «Жас тұлпар»
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын босатудан бас тартты
Елорда • Кеше
Жандарбек Бекшиннің басы тағы дауға қалды
Медицина • Кеше
Сортөбенің бағы еселеніп келеді
Руханият • Кеше
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр
Технология • Кеше
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Кеше
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын айтты
Қазақстан • Кеше
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Кеше
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Кеше
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Кеше
Елорда • Кеше
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Кеше
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Кеше
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Кеше
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Кеше
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Кеше
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Кеше
Ауа райы • Кеше
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Кеше
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Кеше
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Кеше
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар