Бокс • 06 Наурыз, 2020
Қыздар жеңіліп, жігіттер жеңді
Иордания астанасы Амманда жалауы желбіреген бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және Тынық мұхит аймағы турнирін Қазақстанның қыздар құрамасы сәтсіз бастады.
Руханият • 06 Наурыз, 2020
Шеше, сен бақыттысың, жыламағын...
Қадірлі оқырман! Сіз айқара ашып отырған газеттің осы беті ананың айқара ашылған құшағы деп біліңіз. Өз құшағына дәуірлер мен заманаларды, ұрпақтар мен шеру тартқан тарих көшін сыйдырған даланың құшағы секілді. Ана құшағы... Қазақ халқының тарихындағы тар жол, тайғақ кешулі күрделі кезеңдерді, тағдыршешті сәттерді – ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, колхоздастыру, кәмпеске, соғыс, тың игеру жылдарындағы ана тарихы, аналардың көз жасымен жазылған тарихты ақындардың аналарына арнаған жырларымен, сол аналардың тағдыры арқылы ашып көрсеткіміз келеді. Осы аналар ғасырды арқалаған, аманат арқалаған аналар. Сондай кезеңнің өзінде көз жасын жеңімен сүрте жүріп ұлдарын, ұлтын, қазақ әйелінің қастерлі бейнесін, ақ жаулықтың киесін сақтап қалды. Олар ұлты үшін, ұрпағы үшін үлкен құрбандықтарға да барды. Ашаршылық жылдары бүгінгі академик, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының анасы ұлын қалай сақтап қалғаны туралы жантүршігерлік оқиғасын бүгінгі ұрпақ біле ме екен?!. Ұлды бауырына қысып, қызды қолынан жетелеп жапан түзде жол кешіп келе жатқан ана қаумалаған қалың қасқырдан аман шығу үшін екінің бірін, ұлды – ұрпақты сақтап қалу үшін балдырған қызды бөрілердің аузына тастап, ұлды қапсыра құшақтап ұзай берген. Ана құшағы, Ана шешімі, Ана құрбандығы. Бізді бүгінгі күнге жеткізген де сол аналар. Қазақ поэзиясындағы ана жайлы ең үздік жырларды, сол жырларға кейіпкер болған аналар тағдырын қабыл алыңыздар.
Елбасы • 06 Наурыз, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2020
Білім беру нысандарын ерекше тәртіппен тексеру мәселесі талқыланды
Бүгін Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде білім беру және тәрбиелеу объектілерін ерекше тәртіппен тексеру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Руханият • 05 Наурыз, 2020
Латын әліпбиінің жаңа жобасы талқыланды
Қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес латын қарпіне негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқаларын ғылыми тұрғыдан қайта сараптау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні келешегі кемел іс ашық жалпыхалықтық талқылау арнасына қарай бағыт алып келеді.