Жазғы спорт • 17 Сәуір, 2018
Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінде жат елдердің намысын қорғап, көз арбаған биіктерді бағындырған қандастарымыз туралы мақала жарияланған еді («Жаттың намысын жыртқан қазақтар», «ЕҚ», №64, 05.04.2018 ж.). Бүгінгі мақаламыз соның жалғасы іспеттес. Бұл жолы біз шет мемлекеттердің туы астында өнер көрсеткенімен, қазаққа жиен болып келетін әйгілі спортшылар жайында жазуды жөн көріп отырмыз. Расында да «Алып анадан туады» деген аталы сөз тегін айтылмаған ғой...
Футбол • 17 Сәуір, 2018
«Манчестер Сити» мен ПСЖ чемпион атанды
Араб шейхтарының иелігіндегі алып клубтар өз елдерінің чемпионы атанды. Маусым аяқталуға бір ай уақыт бұрын біріншіліктерін жеңген қос клуб соңғы ойындарын қалай өткізді?
Қазақстан • 17 Сәуір, 2018
Қайрат КЭЙ-КЭЙ және «Monarbat»
Әлемге әйгілі актерлер Ален Делон, Жерар Депардье, Армен Джигарханянның, былғары қолғап шебері Майк Тайсонның және басқа да төрткүл дүниеге танымал тұлғалардың күлдіргі кескіндерін осы Монмартр де дүниеге келтірген еді.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2018
Зейнолла Қабдолов, академик, Халық жазушысы, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты: – Сөз өнерiн сүюшi қауым қазақ әдебиетiндегi фантастика жанрында Мархабаевтың қаншалықты еңбек сiңiрiп жүргенiнен хабардар болар. Ол өткен ғасырдың 60-шы жылдарында әдебиетiмiзге екпiндi жас қиялгер-жазушылар легiнiң ең алдыңғы шебiнен табылған-ды. Және тек қана көркем шығармалар жазумен шектелiп қоймай, бiз үшiн «тұмса жанр» – фантастиканың тарихы мен теориясын қарастыра бастады.
Қазақстан • 17 Сәуір, 2018
Қазақтың рухани дүниесін дамытуға сүбелі үлесін қосқан тұлғалар аз емес.Солардың қатарында Ақселеу Сейдімбектің алар орны ерекше. Алғашқы қадамдарын журналистикадан бастаған Ақселеу ағамыздың жазушылыққа бет бұрып, одан әдебиетіміз бен мәдениетіміздің игерілмей жатқан тың тақырыптарына зерттеулер жүргізіп, олқы жақтарын түгендеп,толтыруға белсене атсалысқанын барлығымыз жақсы білеміз. Ол қай салада, қай жерде еңбек етсе де өзінің тиянақтылығын, зеректігін, үлкен энциклопедиялық білімділігін, алғырлығын көрсетті. Халқымыздың ән, күй өнерін зерттеудегі ізденгіштігін, қажымас-қайратын, терең парасат-пайымын айрықша атап өткен жөн. Қазақ телевизиясы арқылы осы төңіректе жүргізген хабарлары көрермендердің ыстық ықыласын туғызған еді.